«Самұрық-Қазына» мен Wabtec басшылары серіктестік мәселесін талқылады

Жаңалықтар
05.02.2025, 11:24
Фото: sk.kz

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Wabtec компаниясының Ресей/ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлері бойынша аға вице-президенті Гохан Байханмен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Америкалық компания «Локомотив құрастыру зауытына» иелік етеді. Зауыттың негізгі тапсырыс берушісі – Қордың портфельдік компаниясы «Қазақстан темір жолы». Бүгінгі таңда ҚТЖ үшін 582 локомотив (жүк, жолаушылар және маневрлік) жеткізілді.

Қордың сатып алу жүйесінің арқасында ҚТЖ зауыттармен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасаса алады. Бұл қазақстандық өндірушілерге өнімдерінің өткізілуіне кепілдік береді.

Wabtec өкілі Қордың сатып алу рәсімдері халықаралық транспаренттілік стандарттарына сай екенін айтты.

Ал Нұрлан Жақыпов өндірісті одан әрі жергіліктендіру және ЛҚЗ-дағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңызын атап өтті.

Бұдан бөлек, 2024 жылы қарашада америкалық компания ҚТЖ-ға жылжымалы құрамды жасанды интеллект негізінде бақылап, диагностика жүргізетін KinetiX жүйесін тегін табыстаған еді. Жүйені 2025 жылы шілдеде қолданысқа беру жоспарланған.

 

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады