Астанада «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі басталды

Жаңалықтар
11.02.2025, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгін Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі басталады. Бес күнге созылатын фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесу алаңына айналады деп күтілуде.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Осыған орай, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылына арналған республикалық жоспарды бекітіп, ал Оқу-ағарту министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың Жол картасын қабылдады. Айта кетерлігі, еліміздің барлық өңірлерінде «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жоспары әзірленіп, онда жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту шаралары қарастырылған.  

«Жұмысшы мамандықтары қаласы» республикалық фестивалі – Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылып отырған үлкен шара. Фестиваль қонақтары тақырыптық көшелерді: атап айтқанда, тау-кен ісі және металлургия, машина жасаушылар және көлікшілер, аграршылар және су саласы, құрылысшылар, болашақ мамандықтар, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышын аралау мүмкіндігіне ие болады.  

Мұнда түрлі семинарлар, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатон, кәсіптер шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап презентациялары, машина жасау бойынша шеберлік сабақтары, концерттер, халықаралық аккредиттелген колледждер үшін тренингтер өтеді.  

«Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалі аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі күн сайын сағат 16:00-ден 17:30-ға дейін өтетін «Бос орындар жәрмеңкесі» болмақ. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ да қатысады. Компания өкілдері job.railways. kz рекрутингтік платформаның жұмысы бойынша консультациялар өткізіп, жұмыс іздеген үміткерлерге компания тобының барлық бос жұмыс орындары жарияланған осы сайттан қажетті мамандықтарды қалай табуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.  

«Бүгінгі таңда ҚТЖ компаниялар тобында бүкіл Қазақстан бойынша 631 бос жұмыс орны жарияланды. Жұмыс іздеп жүрген немесе елдің жетекші көлік компаниясында мансап құрғысы келетіндердің бәрін шақырамыз! Бос орындар жәрмеңкесі – бұл ағымдағы жұмыс орындары туралы білуге, жұмыс берушіге сұрақтар қоюға, сенімді және перспективалы салада жұмыс табуға тамаша мүмкіндік», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің өкілі Айдана Жайжумова.  

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді