Машинист болғым келеді...

Жаңалықтар
07.04.2025, 17:09
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Саған айтарым, машинист – қанша жыл жұмыс істесең, сонша жыл біліміңді жетілдіріп отыруды қажет ететін мамандық», – деді Астана локомотив пайдалану депосының ардагері, Құрметті теміржолшы Владимир Ульяненко. Бұл бұрынғы нұсқаушы-машинистің Астана теміржол колледжінің 4 курс студенті Алексей Зинченкоға студенттің депоға экскурсиясы кезінде айтқан сөзі еді...

Жуырда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚТЖ тарапынан компанияның «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалында Қазақстанның 26 бейінді оқу орнынан 200 жуық студент жасты жинаған «Сенімді түлек» форумы ұйымдастырылған болатын. Осы форумда Алексей Зинченко арманы машинист болу екенін көпшілікпен бөліскен. Міне, бүгін Алексей астаналық депоға барып, локомотив шаруашылығы еңбеккерлерінің күнделікті тыныс-тірлігімен танысу құрметіне ие болды. Ол алдымен депо кезекшісінің, нарядшының, таспа оқитын инженердің жұмыстарына қанық болды. Бұдан кейін ол рейс алдында машинистердің температурасын, қан қысымын өлшеп және қандағы алкогольді тексеретін арнайы құралмен физикалық және медицианалық дайындықтан өткенін көрді. Сонымен қатар психолог кабинетінде машинистердің қырағылық пен күйзеліске төзімділік тестілерін тапсырғанына куә болды. 

Әдетте, локомотив бригадалары психолог ұсынысы негізінде жасақталады. Тәжірибелі машинистер Алексейге астаналық локомотив құрастыру зауытында құрастырылған заманауи локомотивтің қыр-сырымен таныстырды. Тіпті, болашақ машинист локомотив кабинасына көтеріліп, өзін нағыз машинист ретінде сезініп көрді. Жас жігіт заманауи техникаға тәнті болып, оның ерекшеліктері және техникалық жарақтануына қатысты өзін қызықтырған сауалдарға жауап алды.  

Алексей депо директоры Дулат Ахмадиевпен де кездесіп, машинистер жұмысына жан-жақты қанық болды. Депо бастығы машинист мамандығы өте күрделі әрі аса жауапты екенін, сондықтан олар еңбек еткен жылдары бойынша салалық жәрдемақыға 55 жасында шыға алатынын, зейнетақы компания тарапынан 63 жасқа дейін төленетінін атап өтті. Алексейдің таңдауына ризашылығын білдіріп, осы жолда талмай еңбек етіп, жетістікке жетуіне тілектестігін білдірді. «Машинист – мәртебелі мамандық, жұмысы тұрақты, жалақысы да лайықты», – деп түйіндеді сөзін депо директоры.  

Алексей Зинченко бұдан кейін Құрметті теміржолшы Владимир Ульяненко жетекшілік ететін депоның тарихы бай мұражайында болып, шойын жол шежіресінен сыр шерткен жәдігерлермен танысты.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады