ҚТЖ Қарағанды облысында дизель отынының ұрланғанын анықтады

Жаңалықтар
10.04.2025, 18:19

Қарағанды  локомотив пайдалану депосының басшылығы мен Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ірі мөлшерде дизель отыны ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Заңға қайшы әрекеттерді Углерудная  –Дубовка аралығындағы Тегісжол станциясы учаскесінде жұмыс істеген локомотив бригадалары ( тепловоз машинистері және машинист көмекшілері) жасаған. Келтірілген залал сомасы 7,7 миллион теңгеден асты.

Тергеу аясында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жәбірленуші тарап деп танылып, күдіктілерге азаматтық талап қойды.

2025 жылғы 17 наурызда болған сот талқылауының нәтижелері бойынша күдіктілерді сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысына бүкіл кезеңге пробациялық бақылау белгілей отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Кәсіпорынға келтірілген залал толығымен өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады