Электровоз паркі жаңарады

Жаңалықтар
02.05.2025, 16:32
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік министрлігінде Aльстом компаниясы өкілдерінің қатысуымен локомотив паркін жаңарту тақырыбын қамтыған  кездесу өтті. Онда теміржол техникасын шығаруда әлемдегі үздік компанияға жататын Aльстом жаңа буындағы алты осьті жүк электровоздарын өндіру аясындағы ұсынысы туралы баяндады.

Альстом – ТМД және Еуропа елдері үшін сенімді серіктес, жоғары сапалы локомотив жабдықтарын өндіріп шығаруда айтарлықтай тәжірибеге ие. Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істей бастаған компанияның алты қалада 10 өнеркәсіптік учаскесі бар, онда 1200 адам жұмыс істейді. Альстом ұзақмерзімді келісімшарт негізінде 2012-2028 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін 267 жүк және 95 жолаушылар электровоздары мен олардың компоненттерін шығаруға мүдделілік танытып отыр. Электровоздарға 25 жыл бойы сервистік қызмет көрсететін болады.    

Осыған орай Альстом Қазақстанда 4 сервис орталығын салу жобасын жүзеге асыруда. 2027 жылға дейінгі уақытты қамтитын жоба құны 50 млн еуро шамасын құрап отыр. Бұл орталықтар жүк және жолаушылар электровоздарына үздіксіз қызмет көрсетумен қатар сервистік қызмет көрсетілімін жерсіндіруді дамытпақ. Және де 700 қосымша жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар  тартымдық жылжымалы құрамды жаңарту бойынша ынтымақтастықты, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарт жасасудың негізгі шарттарын талқылады. Атап айтқанда, 2029-2036 жылдар аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС үшін KZ6A сериялы 205 алты осьті электровозды сатып алуға келісімшарт жасасу қарастырылуда. Электровоздарды «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС жасап шығармақ. Жаңа типті  KZ6A сериялы жүк электровозы 40% арзан және электр қуатын 20% аз тұтынады. Бұл локомотивтер ТХКБ – Орта жол дәлізін контейнерлендіруге қолдау көрсететін болады.  

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?