Қазақстан мен Грекия логистика саласындағы әріптестікті нығайтуда

Жаңалықтар
21.05.2025, 09:50
Фото: Көлік министрлігі
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан мен Грекия көлік және логистика бағытында ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Жақында Қазақстан Республикасының Афинадағы Елшілігінің ұйымдастыруымен қазақстандық көлік саласының өкілдерінен құралған делегация Грек Республикасына ресми сапар жасады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Делегация құрамында ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты, «Қазмортрансфлот» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «Kaspi Grain Way» ЖШС және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері болды.

Бұл сапар 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен COP-29 конференциясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Екі тарап тиімді бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды қолға алып, көлік-логистика саласындағы әріптестікті жандандыруға ниетті екенін білдірді.

Кездесулер барысында Транскаспий халықаралық көлік дәлізін Грекияның көлік және порт инфрақұрылымымен байланыстыру, кадрлар даярлау, порттарды жаңғырту, шетелдік инвестициялар тарту және мультимодальды логистикалық сервистер құру мәселелері қаралды. Грек тарапымен бірлесіп өткен дөңгелек үстелде қазақстандық делегация Каспий теңізіндегі перспективалық жобалармен таныстырды.

Делегация Грекияның Ұлттық инвестициялық қоры – Growthfund PPF, сондай-ақ жетекші Navios Maritime Holdings және Tsakos Group компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар делегация Пирей портына барып, Skaramangas және Elefsis кеме жасау зауыттарының мүмкіндіктерімен танысты. POLYECO компаниясының экологиялық технологиялары – мұнай төгінділерін тазалау мен қалдықтарды өңдеу жүйелері де ерекше назар аудартты.

Сапар аясында Грекия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен және басқа да салалық ведомстволармен келіссөздер жүргізіліп, «Каспий – Қара теңіз – Жерорта теңізі» бағытындағы көлік маршруттарын Еуропалық көлік желісіне кіріктіру мәселесі талқыланды. Грекия СІМ Бас хатшысы Димитрис Скалкос Транскаспий дәлізінің Балқан аймағымен байланыс орнатудағы маңызын атап өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов бұл бағыт Қазақстан үшін экспорт нарығын әртараптандырудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Ол грек компанияларын порт және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобаларына қатысуға шақырды.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин екі елдің де аймақтық хаб ретіндегі рөлін атап өтіп, бірлескен жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Сапар нәтижесінде салалық мекемелер мен іскер топтар арасында тікелей байланыс орнап, институционалдық серіктестік жаңа деңгейге көтерілді. Бұл қадам екі ел арасындағы логистика, көлік және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге негіз қалайды.

 

Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді