Нұрлан Жақыпов Alstom компаниясымен әрі қарайғы серіктестікті талқылады

Жаңалықтар
25.06.2025, 16:31
Фото:t.me/samrukkazynaofficial

Қор басшысы және Alstom компаниясының топ-менеджері электровоздарды жеткізу бойынша әрі қарайғы серіктестікті талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы бойынша президенті Мартан Вожурмен кездесті.

Францияның Alstom компаниясы – ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бақылаушысы.

«Alstom мен «Қазақстан темір жолының» серіктестігі сәтті дамып жатқанын атап өткім келеді. Бұл Қазақстанға Орталық Азиядағы машина құрастыру саласының көшбасшысы ретінде позициясын нығайтуға ықпал етті», – деді Жақыпов.

Alstom – Қордың көпжылдық серіктесі. «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесінің арқасында, атап айтқанда офтейк-келісімшарттар жасау мүмкіндігі арқылы компания «Электровоз құрастыру зауытында» сәтті жұмыс атқарып келеді.

Зауытта жүк тасымалына арналған магистральді KZ8A, AZ8A электровоздары және жолаушыларға арналған KZ4AT электровоздары шығарылады. Жоба басталған кезде шамамен 10% болған жергілікті қамту үлесі бүгінде 35%-ға дейін артты.

Сондай-ақ, Alstom Астанада Орталық Азия мен Кавказ елдеріне қызмет көрсетуге арналған басты сервистік орталықты салып жатыр.

Alstom (Франция) – теміржол көлігі саласындағы әлемдік жетекші өндірушілердің бірі. Компания Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 1 000-нан астам қызметкері бар (7 өндірістік нысаннан тұратын) ірі өнеркәсіптік базаны құрды.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады