Түркістан станциясында жас жігіт суицид жасамақ болды

Жаңалықтар
02.07.2025, 10:18

Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үйлесімді әрі жедел әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алып, жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға осы жылдың 26 маусымында болған. Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің патрульдік қызметінде жүрген полиция кіші сержанты Айдарбек Нұрсұлтан темір жолдардың үстінен өтетін аспалы көпірдің қоршауынан секіруге әрекет еткен азаматты байқап қалған. Бір сәт те ұттырмай, полиция қызметкері жедел әрекет етіп, азаматтың қолынан ұстап, әңгімелесіп, оны ұстап тұруға тырысып, көмек келгенше уақытты созуға тырысты.

Көлік полицейлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің, сондай-ақ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің арнайы өрт сөндіру техникасымен бірге атқарған жұмыстары нәтижесінде азамат көпірден аман-есен түсіріліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Тексеру барысында, қала тұрғынының отбасылық және тұрмыстық кикілжің әсерінен ауыр өмірлік жағдайға душар болғаны анықталды. Оған қажетті моральдық-психологиялық көмек көрсетілді.

2024 жылғы қаңтардан бастап Айдарбек Нұрсұлтан Саматұлы ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Оның жедел әрекеттері мен кәсіби шеберлігі адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?