ҚТЖ мен РЖД стратегиялық әріптестікті күшейтуде

Жаңалықтар
21.07.2025, 19:17

Мәскеуде 21 шілдеде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың "РЖД" ААҚ Бас директоры – Басқарма төрағасы Олег Белозеровпен жұмыс кездесуі өтті.

Компания басшылары стратегиялық әріптестікті күшейту бағытын растап, 2024 жылғы қарашада Астанада қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыруды талқылады.  

Келіссөздер нәтижесінде Тараптар Мемлекетаралық түйісу пункттеріндегі жұмысты жетілдіруді көздейтін хаттамаға қол қойды:  

- вагон ағындарының бағытын өзгерту

- пойыздарды қабылдау/тапсыру технологиясын автоматтандыру

- вагондарға қызмет көрсетудің кепілдік иықтарын ұзарту

Бұл ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында мемлекетаралық түйісу пункттері арқылы берілетін құрамдар санын тәулігіне 65-тен 85 жұп пойызға дейін 30% - ға арттыруға мүмкіндік береді. 2026-2027 жылдарға арналған МАТП дамуын синхрондау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Тараптар келесі:  

- “Солтүстік-Оңтүстік” ХКД шығыс тармағы бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтудың өзара іс-қимылы,

- АСОУП-2 жобасы шеңберінде және Қытай-Еуропа қатынасындағы барлық транзиттік жүктер бойынша теміржол транзитін автоматтандыруда ақпараттық жүйелерді интеграциялау, транзиттік декларацияны автоматты режимде ресімдеу және оның ресейлік пен беларустық темір жолдарының ақпараттық жүйелерімен үйлесімділігі мәселелерін қарастырды.

- бірлескен жұмыс тобының отырысында 2026 жылға тасымалдау және  пойыздарды қабылдау/тапсыру көлемін одан әрі ұлғайтуды қарау туралы шешім қабылданды.

Қазақстандық тарап биылғы жылы ірі инфрақұрылымдық жобаларының - Достық-Мойыты, Алматы темір жол торабын  айналып өту жолдарының  құрылысы және 3 мың шақырымнан астам қолданыстағы желілерді жаңғырту аяқталатынын атап өтті, бұл "ҚТЖ" ҰК"АҚ жолдарының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов: "Біздің сындарлы ынтымақтастығымыз, оның ішінде МАТП шеңберінде стратегиялық әріптестік және бірлескен жұмыс туралы келісімді іске асыру шеңберінде тасымалдау көлемінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда пойыздар алмасуды тәулігіне 85 жұпқа дейін 30% - ға арттыратынына сенімдімін. Біз сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды, темір жол тасымалдарын цифрландыру мен автоматтандыруды, оның ішінде транзиттік декларацияларды автоматты режимде ресімдеуді белсенді түрде іске асырып жатырмыз, бұл біздің көліктік-ақпараттық жүйелеріміздің ашықтығы, одан әрі өсуі мен интеграциясы үшін берік негіз жасайды".

Анықтама: Тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі байқалуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айы нәтижелері бойынша тасымал көлемі 45 млн. тоннадан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 4,1% - ға жоғары. Контейнерлік транзит 273,3 мың ЖФБ құрады және 2024 жылға қарағанда 18% - ға өскенін көрсетті. 

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады