ҚТЖ техниканы жаңғыртуға және еңбек жағдайларын жақсартуға инвестиция салады

Жаңалықтар
04.08.2025, 15:15

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ магистральдық теміржол желісі объектілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі ауқымды бағдарламасын іске асыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бағдарлама мақсаты  – техникалық базаны жаңғырту, операциялық тиімділікті арттыру және теміржол саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту.  

Бүгінгі таңда 16 бірлік мамандандырылған жол техникасы сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы үш электр балластері мен 90 бірлік хоппер-дозатрлық вагондар жеткізіледі деп күтілуде, бұл өндірістік қуаттылықты едәуір күшейтуге және теміржол инфрақұрылымын ұстап тұру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.  

Еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс процестерін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде бригадаларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау орындарына жеткізу үшін 117 көлік құралы сатып алынды. Персоналды жедел тасымалдау үшін жылына 4 бірлік МПТ-6 мотовозы сатып алынады. Мұндай мотовоздардың әрқайсысы 22 адамға дейін тасымалдауға арналған.  

Техникалық қызмет көрсетуге және техниканың қызмет ету мерзімін ұзартуға ерекше назар аударылады. Жыл сайын 715 бірлік мамандандырылған техникаға, 815 автотракторлық машинаға және 1800 жуық шағын механикаландыру бірлігіне жоспарлы жөндеу жүргізіледі.

Ағымдағы жылы өндірістік базаны нығайту үшін Ақтөбе қаласында орналасқан жаңа Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясы  құрылды. Жаңа орталық логистикалық шығындарды қысқартуға, ресурстарды жұмыс орындарына жақындатуға және өндірістік міндеттерді орындауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Жаңа бөлімшенің ашылуы өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және қосымша жұмыс орындарын құруға серпін береді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ өндірістік базаны жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Бұл қадамдар теміржол тасымалының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ еңбекке қолайлы жағдай жасауға бағытталған.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті