Мәдени мұра ізімен: Jibek Joly туристік пойызы кезекті турға аттанады

Жаңалықтар
13.08.2025, 08:32

21-26 қыркүйек күндері Jibek Joly 5.0 туристік пойызы кезекті сапарына аттанады. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған тур Орталық Азия өңірінің мәдени-тарихи орталықтарын байланыстырады. Атап айтқанда, бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Отырар, Самарқан, Бұқара және Ташкент қалаларын қамтиды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба Орталық Азияның мәдени мұрасын дәріптеу және өңірлер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, отандық туроператорлар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқаруымен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, жоба KITF 2025 халықаралық көрмесінде «Ең үздік туристік өнім» деп танылған. Бағдарламаға жайлы теміржолмен сапар, мазмұнды экскурсиялар, шеберлік сабақтары, шығыс дәстүрімен танысу, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарына бару кіреді.

Бағдарлама жыл сайын жетілдіріліп, туристердің ұсыныстары ескеріліп, бағыттар кеңейтіледі және жаңа бағыттар әзірленеді. Jibek Joly жобасы Орталық Азиядағы маңызды мәдени бағыт ретінде дамып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және Ұлы Жібек жолы мұрасын насихаттауға үлес қосып келеді.

Туристік өнімді қалыптастыру және оны жүзеге асыруды отандық туроператорлар жүргізеді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады