ҚТЖ жеті айда 177 млн тонна жүк тасымалдады

Фото: primeminister.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Үкімет отырысында компанияның 2025 жылғы 7 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пайдалану жүк айналымы 162 млрд ткм құрап, 177 млн тонна жүк тасымалданды (+3,9%). Транзиттік тасымалдар 10% - ға, 796 мың ЖФБ  контейнерді қоса алғанда, 17 млн тоннаға дейін өсті.  

Компания инфрақұрылымдық жобаларды: Мойынты – Қызылжар (360 км), Бақты – Аягөз (272 км) желілерін салуды жүзеге асыруда. Достық – Мойынты (836 км) және Алматы айналма (73 км) учаскелерін 2025 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда.  Дарбаза – Мақтаарал (253 км) желісінің құрылысы 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.

2025 жылы 840 км жол жөнделді, жылжымалы құрам жаңартылды, цифрлық шешімдер (Tez Customs, Trip Optimizer, KinetiX, теміржолдың цифрлық моделі) енгізілуде. «Бірыңғай цифрлық терезе» бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп келеді. Trip Оptimizer жүйесі отын шығынын 5% төмендетеді. Tez Customs арқылы транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару рәсімдеу уақытын 16 есеге қысқартты. Жасанды интеллект негізінде смарт-диагностиканы енгізу жоспарлануда. Huawei-мен бірге терминалдарды басқаруға арналған IT-шешімдер іске асырылуда. Тамыз айынан бастап мақсатты АТ- архитектурасын қалыптастыру үшін цифрлық жобаларға аудит жүргізілуде.  

Жолаушылар сегментінде де жақсартуға қол жеткізілді. Вагондар паркінің 74% 20 жылға толмаған. Билеттерді онлайн сату үлесі 83% құрады. Пойыздардың кешігуі 37% - ға қысқарды. Пойыздардың орташа толымдылығы-73%.

Сиань – Алматы халықаралық пойызын қоса алғанда, 6 туристік бағыт іске қосылды. ҚР Үкіметінің бағдарламасы аясында 125 вокзал жаңғыртылуда.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс