Құрылғылар күтімі кәсібилер қолында

Жаңалықтар
15.09.2017, 10:27
Қазалы мен Түркістан станцияларының аралығындағы темір жол нысандары мен тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен жабдықтау арқылы темір жол бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысып отырған  Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы құрылғылар күтімін кәсіби мамандарға тапсырған. Құрметті теміржолшы Болат Нұрмұратов басқаратын мекеме  теміржолшылары нысандарды электр қуатымен қамтумен қатар қуат көздерінің техникалық талапқа сай болуын назарда ұстап,оларға ағымдағы күтіп-баптау жұмыстарын да жасап келеді. Қондырғыларға негізгі қуат көзін беретін ұзындығы 843 км құрайтын ДЦ электр әуе желісі болса, 794 км АБ/ПЭС электр әуе желісі қосымша қуат көзі болып есептелінеді. Үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету осы аралықта орналасқан электр қуатын алып тарататын 17 негізгі бекет пен 61 трансфарматорлық подстанциялар арқылы жүзеге асады. Бұл бекеттерде қуаттары әр түрлі 37 дизель-генераторлар орналасқан. Олардың негізгі міндеті энергосистемадан түрлі себептермен  электр қуаты болмай қалған жағдайда  немесе келіп тұрған электр қуатының сапасы нашарлағанда Түркістан станциясы мен Сексеуіл станциясының аралығындағы барлық қондырғыларды электр қуатымен осы дизель-генераторлар қамтамасыз етеді.  Осы аралықта Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Жосалы, Қызылорда және Шиелі ауданаралық электр жүйелері мен Қызылорда жөндеу-тексеру учаскесі қызмет етеді. Бұлардан бөлек дистанцияның қызмет ету участогіндегі темір жол бойында орналасқан мекемелер мен нысандар, жеке тұрғын үйлерді де электр энергиясымен қамтамасыз ету де міндеті бар. Осы тұтынушыларға арнайы соғылған 51 трансформаторлық подстанция, жоғарғы кернеулі 217 км электр әуе желісі мен 73,6 км кабельді желі, төменгі кернеулі 242 км электр әуе желісі мен 71,5 км кабельді желілер бар кідіріссіз жұмыс  жасап келеді. Оларға күнделікті, ағымдық күтім жасау  дистанция ұжымының күнделікті жұмысы. Дистанцияның жеті айлық ұйымдастыру-техникалық шараларында 10 дана ағаш бағана ауыстырылып, 32 дана траверс орнатылған, 9 дана РЛНД ауыстырылып , 0,35 км КЛ-10кв, 0,3 км КЛ-0,4кв желілері жаңаланған, 3351 дана электр бағанасының айналасы ретке келтірілген. –Дистанция электриктері нысандарға техникалық баптау жұмыстары барысында ток көздері пункттері мен жоғары кернеулі автобұғаттау желілерінің 2667,02 шақырымын бақылаудан өткізді. Жоғары кернеулі автобұғаттау желілерінің 603,8 км өзге желілердің үстінен өткізілген тұстарын инженерлік құрамымен тексеріп бақылау жұмысы жүргізілді. ЭЦ постыларының негізгі және резервті қуат көздерінің 684 данасының кіріс панелдеріндегі ток мөлшері өлшенді. 688 дана ЭЦ пунктіндегі кіріс панеліндегі КЯ құрылымының РШ және ПКН, АВМ құрылғыларының жұмысы тексерілді. Сонымен қатар телімдердегі 30 дана дизель-генераторды іске қосып тексеру жұмыстары жасалып, қажет жерлер қалпына келтірілді, – дейді Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Ғалымжан Жағалов. Жыл басынан бергі жеті ай мен тамыз айында электриктер назарынан 454 дана жоғары кернеулі желі бағанасының техникалық жайы өткізілген. 2796 дана электр бағанасы тексеріліп, 56 дана бағананың иіліп қисаюы тексерілген,105  бағана түзетіліп бандаждар тартылған. 643 дана РЛНД тексеріліп,  бабына келтірілген, 69 дана желілік трансформатор бақылаудан өткізіліп, 7650 дана бүлінген изолятор тазаланып, 6399 дана техника қауіпсіздігі плакаттары мен нөмірлік белгілер жаңартылған екен. Сонымен қатар, құрылғыларға қосымша күтім жасау барысында 2 дана РЛНД ауыстырылып, теміржол өтпелеріндегі 42 дана түнгі жарық шамдары тексерілген, теміржол мекемелеріндегі 76 жарық бағаналарының жай-күйі  бақылаудан өткізілген. Және де 90 оқшаулағыш изолятор ауыстырылып, 90 данасының байлауы алмастырылған және 15 дана жарамсыз, кінәраты бар бағана жаңаланған, 38 дана прожекторлі матч бақылаудан өткізіліпті.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты