Өткенге есеп, келешекке міндет

Жаңалықтар
12.09.2025, 08:53
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025 жылдың 10 қыркүйегінде «Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ-ның ХІ съезі өтті. Съездің күн тәртібінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесінің 2020- 2025 жылдардағы жұмысы туралы есебі және кәсіподақтың алдағы 2025-2030 кезеңге арналған міндеттері», сондай-ақ Кәсіподақ Жарғысы, Кәсіподақ төрағасын сайлау туралы мәселелері қаралды.

Осы үлкен жиында съезд делегаттарының қолдап, дауыс беруімен кәсіподақ атауы «Қазақстандық салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ деп өзгертіліп, оның төрағасы болып Оразғали Ахметбаев қайта сайланды.  

Съезд жұмысына ел өңірлерінен келген делегаттардан басқа ҚР Кәсіподақтар федерациясы, ҚР Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ топ-менеджерлермен қатар Ресей, Грузия елдерінен мәртебелі меймандар қатысты. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық Кеңесінің 2020-2025 жылдардағы жұмысы туралы төраға Оразғали Ахметбаев есеп беріп, бүгінде кәсіподақ 96 мыңнан астам мүшені біріктіретінін атап өтті.  

Оның айтуынша, есепті кезең ішінде Орталық Кеңестің 12 отырысы, кәсіподақ ОК атқару комитетінің 24 отырысы өтіп, 500-ден астам қаулы қабылданған. Олардың ішінде кәсіподақтың бастауыш ұйымдары төрағаларының еңбегіне ақы төлеуді реттейтін ережелер, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы» және «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы», сонымен қатар үлгілік ережелер әзірленіп бекітіліп, жастар саясатының негізгі бағыттары белгіленіп қабылданған. Кәсіподақ осыдан 120 жыл бұрынғыдай жұмыскерлер атынан жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен екі-үш жақты келіссөздер жүргізіп, ұжымдық шарттар мен салалық келісімдер жасап келеді. Соның біріне, ҚР Көлік министрлігімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес компанияларымен 2021- 2023 жылдарға және 2024-2026 жылдарға арналған Салалық келісімді атауға болады.

«Кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі – жұмысшылардың әл-ауқатын қалыптастыратын жалақы мәселесі. Соңғы бес жылда теміржолшылардың жалақысы 2,8 есе өсті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес компаниялар тобы бойынша орташа жалақы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 558 602 теңгені құрады, бұл Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың қазіргі кезеңіндегі орташа жалақыдан 12,4% жоғары. Жыл сайын жыл басында кәсіподақ компания басшылығына жалақыны нақты арттыру және қызметкерлерді ынталандыру бойынша хат жолдап отырады. Кәсіподақтың сұранысы бойынша қазіргі таңда қолданып отырған сыйлықақы енгізілді. Компания жұмысшылардың еңбекке ынтасын ескере отырып еңбекке қатысу коэффициентін қолданып, лауазымдық жалақының тарифтік мөлшерінің 20%-на дейін ай сайын сыйлықақы төленуіне, ал желілік филиалдардың әкімшілігіне және ИТР персоналы үшін лауазымдық жалақының тарифтік мөлшерінің 30-дан 60%-ға дейін еңбек нәтижесіне байланысты төленіп отыруына қол жеткізді. Сонымен қатар 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартта демалыс және мереке күндері еңбекақы төлеу жөніндегі нормалар екі есе мөлшерінде сақталған, сондай-ақ Республика күніне, ҚР Тәуелсіздік күніне, Наурыз мерекесіне және өзіміздің «Теміржол көлігі қызметкерлері күніне» арналған төрт міндетті біржолғы сыйлықақы қарастырылған», – деді Оразғали Төлепбекұлы.  

Кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі қызметкерлердің еңбек процесінде өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы бағытта компания кәсіподақпен бірлесіп, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын іске асырып келеді. Нәтижесі де жоқ емес. 2025 жылдың 6 айында 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өндірістік жарақаттану 58%-ға төмендеген. Өткен жылы өліммен аяқталған 6 жағдай тіркелсе, 2025 жылы мұндай жағдай болмаған, болмасын деген тілек те бар.  

Кәсіподақ теміржолшылармен қатар олардың балаларына да қамқорлық көрсетуден кенде емес. Бір ғана мысал, «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған теміржолшылар отбасыларының 3000-нан астам баласы мектепке керек-жарақтары бар рюкзактармен қамтамасыз етілген. Кәсіподақ тарапынан атқарылған игі істер қатарында Мақат, Атырау, Көкшетау, Екібастұз станцияларында шағын футболға арналған спорт алаңдарының салынып, Ақтөбеде, Бейнеу, Өскемен, Павлодар және Орал станцияларында жаттығу залдарының ашылғанын айтуға болады.  

«Кәсіподақ 2022 және 2024 жылдары әртүрлі аймақтардағы төтенше жағдайлардан мүлкіне зиян келген теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне жанжақты көмек пен қолдау көрсетті. 2022 жылдың қыркүйек айының басында Қостанай облысының Әулиекөл ауданында шыққан өрт, төрт күн ішінде мыңдаған гектар орман мен көптеген үйлерді қиратқан еді. Бұл жағдайдан теміржолшылардың 25 отбасы зардап шегіп, 11 үй толығымен өртеніп кетті. Міне, осынау қиын-қыстау сәтте кәсіподақ зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, өртенген мүлікті ішінара өтеп, 24 млн теңгеден астам қаражат жинап берді. Ал 2024 жылғы Қазақстанда болған ірі су тасқыны кезінде көптеген үйлер су астында қалып, мыңдаған адамдар зардап шегіп, баспаналары қирады. Үкімет тарапынан апаттан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілді. Бұл іс-шараларға біздің Кәсіподақ та белсенді қатысып, зардап шеккен теміржол қызметкерлеріне, яғни әр түрлі көмек түрінде 263 теміржолшы отбасына 178 млн теңгеден астам қаражат бөлді», – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы.  

Съезге арнайы шақырылған қонақтар да сөз алып, теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіподағын 120 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

– Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясына (МКПЖ) кіретін мүшелік ұйымдар Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Тәжікстан арасында ынтымақтастық белсенді дамуда. Алдағы уақытта бұл ұйымның қатарына Моңғолия кіруге қызығушылық танытып отыр. Осы ретте «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның игі бастамалардың көшбасшысы болып, үлкен іс-шаралардың бел ортасынан табылып келеді. Мәселен, 2024 жылғы 29-30 мамырда Астана қаласында «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның шақыруымен МКПЖ кеңесінің 67-ші отырысы өтті. Шекара маңы ынтымақтастығы туралы жасалған Қазкөліккәсіп және Роспрофжел арасындағы Меморандумды орындау кәсіподақтар үшін маңызды және бірегей оқиға болды, – деп атап өтті МКПЖ және Роспрофжел төрағасы Дмитрий Шаханов.  

Күн тәртібі бойынша съезд төрағаны, Орталық Кеңес мүшелерін сайлап, Орталық Кеңестің Атқарушы комитеті мен бақылау-ревизиялық комиссиясының құрамын жаңартты. Жалпы съезд барысында қабылданған шешімдер кәсіподақ қозғалысын әрмен қарай дамытуға және Қазақстанның көлік саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталмақ.  

 

Жаңалықтар
27.12.2025
ҚТЖ басшылығы Алматы өңіріндегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Жаңалықтар
27.12.2025
Қызылжар – Жезқазған учаскесінде автоблоктау енгізілді
Жаңалықтар
27.12.2025
Алматыда мұрағат ашылды
Жаңалықтар
27.12.2025
Астана әкімдігі жастар арасындағы кәсіби бағдар жұмысы үшін ҚТЖ-ны атап өтті
Жүк тасымалы
26.12.2025
Түбектегі тасымал жандана түсті
Аймақтар
26.12.2025
ҚТЖ Басқарма төрағасы Қарағанды өңіріне барды
Аймақтар
26.12.2025
«Үздік маман-2025»: Арыста теміржолшылар арасындағы кәсіби байқау мәресіне жетті
Сұхбат
26.12.2025
Қауіпсіздік күн тәртібінен түскен емес
Инфрақұрылым
26.12.2025
Ақтөбе-2 станциясы жаңғыртуды қажет етеді
Қауіпсіздік
26.12.2025
Әдістемелік сабақ өтті
Жаңалықтар
26.12.2025
Зейнеткерлер марапатталды
Жаңалықтар / Мұрағат
26.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №108 26 желтоқсан 2025 жыл
Спорт
25.12.2025
Алаңда ардагерлер бақ сынады
Аймақтар
25.12.2025
Үздіктер анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан желісінің құрылысын қаржыландыру тәртібі анықталды
Жаңалықтар
25.12.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында 80 мыңнан астам ҚТЖ қызметкері марапатталды
Спорт
25.12.2025
Адал достықтың үлгісін көрсетті
Әлемде
24.12.2025
Ташкент пен Қазан арасындағы пандемияға байланысты үзілген теміржол қатынасы қайта жанданды
Жаңалықтар
24.12.2025
ҚТЖ «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырады
Жаңалықтар
24.12.2025
Теміржол саласындағы 2025 жылдың негізгі оқиғалары