Жаңа жүйенің жетістігі көп 

Жаңалықтар
15.09.2017, 10:43
Ел теміржолында еңбек ететін 160  мыңнан теміржолшының елу мыңын жас мамандар құрайды екен.  Яғни, алып саладағы ауқымды жұмыстың үштен бірі –  жастардың еншісінде деген сөз.  Осы орайда болашақ теміржолшыларды дайындайтын  М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжінің ұстанымы: «Шынардың мықтылығы ­– шыбығынан». Биыл  190-ға  жуық студент қабылдаған білім ордасына  2017-2018 жылғы  оқу жылына 100 грант бөлінген. 9 сыныпты бітірген оқушылардан 1, 11 сыныпты бітірген студеттерден 3 топ білімгер қатарға қосылыпты. 2020 жылдары елдегі барлық жоғары, арнаулы оқу орындарына жаңартылған білім беру жүйесі енбек. Қазіргі дуальдық, модульдік оқыту  және кредиттік технология жүйесінің бәрі сайып келгенде соған дайындық болса керек. Аталған колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұлжалғас Момбиеваның айтуынша, қазір 9 сыныпты бітірген оқушылар 3 жыл 10 ай оқып, маман атанады. Осы төрт жылға жуық уақытта олардың бірі болмаса бірі  түрлі жағдаймен  оқудан  шығып қалуы мүмкін. Сол кезде модульдік оқыту талабына  сай, саты-саты бойынша оқыған баланың уақыты босқа кетпейді, алған біліміне сәйкес қолына сертификат немесе диплом беріледі.   – Жаңа жүйеде білім берудің үш сатысы көрсетілген. Ең жоғарысы ІІІ,  ортаншысы ІІ, төмені І саты. Бірінші, екінші сатыларын оқыған бала тек жұмысшы мамандығын игереді. Үшінші сатыны бітірсе орта буын маман атанады. Үш жыл он ай оқыту жүйесі бойынша барлық мамандығымызға биыл 1 жыл 10 айлық, яғни екінші сатының лицензиясын алдық. Жүйенің мақсаты – студент бастапқы 3 жыл он айды толық бітірмесе де, оқыған жылдары күйіп кетпес үшін, алған біліміне сай жұмысқа тұрып кетуіне жағдай жасау. Жалпақ тілмен айтсақ  «қағазсыз» қалмау.  Бұл  үрдіс республика бойынша екі жылдан бері енгізілгенмен, Оңтүстіктің   оқу орындарына енді жетуде. Біз жазы бойы жұмыс істеп, алты мамандық бойынша модульдік жүйеге көшудің жұмыс жоспарын дайындаған едік. Бірақ, бұл жылы аталған жүйеге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оқу орындары ғана көшуде.  Біз облыстық бюджеттен  қаржыландырылып, 100 грант алғандықтан келесі жылға қалдырылдық. Сонда да, эксперимент  ретінде 9 сыныптан кейін келген топты осы жүйеде оқытуды жоспарлағанбыз. Алайда,  олардың 1 курста өтетін жалпы білім беру мамандықтары әлі модульге кіргізілмеді. Осындай себептермен екінші курстан бастамақпыз. Ал, құжат бойынша бәрі дайын. Ұстаз ретінде бұл әдістің өте дұрыстығын айтар едім,  - дейді Ұлжалғас Әбуқызы.      Қазіргі студенттің  қабілетіне сай, әрі еркін білім алуы үшін енгізілген кредиттік технология жүйесінің  білімді бағалауын колледж ұстаздары да қолданады.  « 2», «3», «4», «5» бағалары А, В, С деген сынды әріптермен таңбаланып,  бағаның өзі үш шкаламен белгіленеді. Яғни, баланың білімі 89-94 баллдың арасы деп бағаланса, білімі «4»-ке лайық деген сөз. Колледж мұғалімдері былтыр модулдік, биыл кредиттік технология жүйесіне сай біліктілікті  арттыру курстарына қатысуда.    Енгеніне 3-4 жыл болған «Дуальдық  оқыту жүйесіне» сай өндіріс орындарымен биыл да келісім-шарт жасалған. Мұның пайдасы оқып жүріп, өндірістік тәжірибеден өткен баланың қабілеті жақсы болса, оқуымен қатар жұмысқа қабылдайды. Мысалы, дәстүрлі оқыту жүйесінде 60 пайыз теориялық сабаққа берілса, 40 пайыз ғана тәжірибеге жұмсалады. Ал дуальдық оқытуда керісінше оқытылып, баланың бар зейіні өндіріске ауып, теорияда оқығанан қолмен ұстап, көзбен көре жүріп үйренбек.    

Динара  БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты