Алматыда  60-тан астам локомотив депосының пайдалану жөніндегі орынбасарын оқыту өтті. Бағдарлама тиімді қарым-қатынас және шешендік дағдыларды дамытуға арналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тренингтер «ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық және ішкі жаттықтырушыларының қатысуымен өткізілді.  Негізгі назар желілік деңгейдегі қызметкерлердің жеке және іскерлік құзыреттерін қалыптастыруға аударылды.

Оқыту басқарушылық дағдылардың сапасын арттыруға, еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға және басқарушылардың көшбасшылық қасиеттерін нығайтуға бағытталған адами капиталды дамыту жөніндегі корпоративтік бағдарламаларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда.