Теміржолшылар экологиялық акцияны белсенді қолдады

Жаңалықтар
18.09.2025, 16:58
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында теміржол көлігі қызметкерлері аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шараларға белсене қатысуда.

Акция Мемлекет басшысының бастамасы аясында өтіп, қоғамның экологиялық мәдениетін жақсартуға, тазалық пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға бағытталған.Теміржолшылар әлеуметтік маңызы бар игі-істерді қолдауды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалдары мен бөлімшелерінің ұжымдары акцияны қолдап, 1274 сенбілік өткізді. Тек теміржолға қатысты мекемелер аумағы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық саябақтар, аллеялар, су айдындарының маңы тазаланып, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Жалпы көлемі 1484 тоннадан аса қоқыс жиналды.  

Компаниямызды көгалдандыруға ерекше назар аударылып отыр. Бірқатар өңірлерде компания қызметкерлері көлік магистральдарының бойына, станциялар мен әлеуметтік нысандардың маңына 9937 ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл ағаш отырғызылған аумақтың тек көркі ғана емес, сонымен қатар шаң мен шуға қарсы тосқауыл. Қазан айынан бастап тағы 120000 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарда бар.  

«Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі. Теміржолшылардың акцияға белсене қатысуы, әрбір еңбек ұжымының елдің тазалығы мен экологиялық қауіпсіздігін сақтауға нақты үлес қоса алатынын көрсетеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға ниетті.  

 

Рахат НИГМЕТОВА,  

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ – «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы»  

филиалының Еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясы  

бас менеджері  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады