Теміржолшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 500-ден астам ағаш отырғызды

Жаңалықтар
07.10.2025, 08:29
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Республикалық «Tаза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қызметкерлері сенбілік өткізіп, Астана – №96 разъезд аралығына 509 түп ағаш көшетін отырғызды.

Іс-шараға дирекцияның орталық аппараты мен құрылымдық мекемелерінің қызметкерлері мен олардың балалары да қатысты. Ұжымның ауызбіршілігі мен экологиялық құндылықтарға бейілділігін танытқан акция аясында ауқымды жұмыс атқарылды.  

– Ақмола магистральдық жол бөлімшесі бойынша барлығы 10 723 көшет сатып алынды, 28 құрылымдық мекеменің теміржолшылары жұмылдырылды, барлығы 5253 адам қатысты. Алдын ала белгіленген орындарға ағаштар егілді. Бұл акцияның маңызы экологиялық мәселелер бойынша өте өзекті. Алдағы уақытта да біздің бөлімше қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетуге дайын, – дейді Ақмола магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Рашид Есенбекұлы.  

Акция аумақтарды көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.  

– ПЧ-17 құрамына кіретін 15 станцияда, табельдік және модульдік ғимараттардың, Астана бойынша әкімшілік ғимарат ауласында жүргізілді. Дистанциядан барлығы 500 теміржолшы қатысты. Бұл акцияның бірінші кезекте әрине экологиялық маңызы бар, елорданың өсуіне байланысты көліктің және зауыттардың, жылу беретін ЖЭО-ның көбеюі де байқалуда. Соған байланысты тал-дарақ, ағаштарды көбейту ауаның тазаруына үлкен көмек болмақ, – дейді Астана жол дистанциясының бас инженері Төленді Шапшекеев.  

Филиал директоры Сәкен Рахметов «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтен экологиялық челленджді қабылдап, сенбілік аяқталған соң оны келесі бөлімше – Қостанай магистральдық желі бөлімшесіне жолдады. Осылайша «Таза Қазақстан» акциясы филиалдың барлық бөлімшелерінде жалғасады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады