Алты станцияда дауыстап хабарлау жүйесі енгізілді

Жаңалықтар
08.10.2025, 14:54

ҚТЖ инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алты станцияда көліктік қауіпсіздіктің негізгі элементтерінің бірі — дауыстап хабарлау паркі жүйесі енгізілді. Жобаны ұйымдастырушы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы»филиалының Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаменті. 

Жүйе қызметкерлер мен жолаушыларды уақтылы хабардар етуді, кезекшілер, машинистер мен бригадалар арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруді, авариялық жағдайлар мен технологиялық тәуекелдердің алдын алуды және станцияларда сервис деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру әсіресе пойыздар қозғалысы қарқындылығының өсуі мен саланы жаңғырту жағдайында өзекті.

Бұдан басқа, департамент нормативтік қызмет мерзімі өтіп кеткен электр орталықтандыру құрылғыларының (ЭО) қуаттау панельдерін ауыстыру жөніндегі бағдарламаны іске асырады. 2025 жылы ауыстыру он станцияда жүргізілді. Жаңартуға жататын 55 панельдің ішінде сенімділік пен энергия тиімділігінің заманауи талаптарына жауап беретін 35 жаңа панель орнатылды.

Жаңа панельдер тұрақты электр қуатын қамтамасыз етеді және ақаулықтарды тез анықтауға мүмкіндік беретін қорғаныс пен диагностикалық жүйемен жабдықталған.

2027 жылдың соңына дейін қалған станцияларда панельдерді орнатуды аяқтау жоспарлануда, бұл ЭО құрылғыларының электрмен жабдықтау жүйесін толығымен жаңартуға және белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелерінің сенімділігі мен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады