Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Республика күнімен құттықтады

Жаңалықтар
25.10.2025, 08:55
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – халқымыздың тәуелсіздігінің, бірлігінің және ұлттық абыройының нышаны. 

Бұл күн бізге еліміздің егемендік алғаннан бергі жүріп өткен даңқты жолын еске салады. Бүгінде Қазақстан экономикасын нығайтып, инфрақұрылымды дамытып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыра отырып, сенімді қадаммен алға жылжуда. Осы даму жолында теміржол саласы ерекше маңызға ие – ол ұлттық экономиканың тірегі әрі өңірлерді байланыстыратын алтын көпір. 

Әрқайсыңыз өз еңбегіңізбен көлік жүйесінің дамуына үлес қосып, пойыздардың үздіксіз қозғалысын, сенімді логистиканы және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етесіздер. Темір жол қалалар мен адамдардың жүрегін жалғап, еліміздің бірлігі мен өркендеуіне қызмет етуде. 

Барлық теміржолшыларға кәсібилігі, адалдығы және жауапкершілігі үшін алғыс айтамын. 

Бұл мереке баршамызға шабыт пен жігер беріп, Отанымыз – Қазақстанның игілігі мен болашағы жолында жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Талғат АЛДЫБЕРГЕНОВ,

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды