Болашақ машинистер ҚТЖ мұражайында болды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Орталық теміржол мұражайы «Локомотив машинисі» мамандығы бойынша оқитын Астана техникалық колледжінің бірінші курс студенттеріне экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның теміржол саласының даму тарихымен танысып, мұражай экспонаттарын аралап, тақырыптық викторинаға қатысты. Викторина қорытындысы бойынша қатысушыларға грамоталар табысталды.
Болашақ машинистер кәсіби салаға қызығушылық танытып, сұрақтарын белсенді қойып, өздерінің кең ой-өрістерін паш етті. Мұражай меңгерушісі Ақмарал Молдашеваның айтуынша, мұндай кездесулер жас мамандардың ынтасын арттыруға және саладағы сабақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттер болашақта теміржол көлігінің қызметкерлері ретінде мұражайға қайта келуді жоспарлап отырғандықтарын атап өтті.
