«Қонақжай қазақ бауырларға чоң рахмет»

Жаңалықтар
21.11.2025, 08:43
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан мен Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғызстан кәсіподақтар делегациясы «Қазақстан темір жолы» АҚ орталық кеңсесінде болып, ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрылымына кіретін ірі ұйымдардың бірі – «Қазкөліккәсіп» ҚБ қызметімен танысты.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның қызметі туралы қоғамдық бірлестік төрағасы Оразғали Ахметбаев жан-жақты баяндап берді.

– Бүгінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрт ірі кәсіподақ ұйымының бірі болып табылатын «Қазкөліккәсіпке» көлік саласының 100 мыңға жуық жұмыскері мүше. Салалық кәсіподақ жұмысының негізгі қағидаттары мен бағыттарына келсек, олар – еңбеккерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, заң нормаларының орындалуы, еңбекті қорғау мәселелері мен дау-жанжалдарды шешу, жастар арасында спортты насихаттау, жастар саясатын, халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Кәсіподақ халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша да байланыстарды белсенді дамытуда, бүгінде Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясы құрылтайшыларының бірі бола отырып, ол Халықаралық көлік федерациясының (ITF) мүшесі болып табылады. Биыл біз теміржолшылар кәсіподағы қозғалысының 120 жылдығын атап өттік. Осы жылдың қыркүйегінде 11-съезді өткіздік. Онда біз кәсіподақ атауын Теміржол көлігі еңбеккерлерінің кәсіподағы деп өзгертіп, бүгінде заң органдарына тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал бұрынғы кеңестік елдермен байланысымызға келсек, біз қырғыздармен бауырлас елміз. Кеңес кезінде Фрунзе теміржол бөлімшесі Алматы темір жолының құрамында болды. Мен ол кезде Алматы темір жолында жұмыс істеп бастаған едім. Сол уақыттан бергі достығымыз, ынтымақтастығымыз әлі жалғасып келеді және жалғаса беретініне сенімдімін. Біздің қырғыз теміржол көлігі кәсіподағымен байланысымыз, ынтымақтастығымыз үзілген емес, ұжымдық шарттарымыз да ұқсас. Өйткені біз кеңестік кездегі теміржолшыларға жасалған жеңілдіктерді сақтап қалуға тырыстық. Әрине, қазіргі заңға қатысты кейбір шарттар түрленген шығар, алайда көптеген жеңілдік кепілдемелері сақталған, – деді Оразғали Төлепбекұлы.  

ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрылымында салалық кәсіподақтардың рөлі туралы ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева айтып берді. Ал қырғыз делегациясы атынан сөз алған Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Мурадил Жұмадилдеұлы Қазақстанға алғашқы ресми және жұмыс сапары барысындағы осы екі күнде көптеген мәліметтерге қаныққандарын жеткізді.  

– Екі ел кәсіподақтары арасындағы ынтамақтастық тек теміржол көлігімен ғана емес, басқа да салалар бойынша жалғасын табатынына сенімдімін. Қырғыз-қазақ бауырлас ел, түріміз де, тіліміз де ұқсас, бір халық деуге болады. Риясыз көңілмен қонақжайлылық танытып жатқан қазақ бауырларға чоң рахмет! – деді Мурадил Жұмадилдеұлы.  

Жылы кездесу шеңберінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев мәртебелі меймандарды «Қазақстан теміржолшылар кәсіподағы қозғалысына-120 жыл» медалімен марапаттап, ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Қонақтар Теміржолшылар мұражайын аралап, «Қазкөліккәсіп» ҚБ жұмыс орындарымен танысты.  

 

Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді