ҚТТ: Стратегиялық басым бағыттар

Жаңалықтар
12.12.2025, 09:21
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ процестерді жаңғыртуды, вагондардың бос жүрістерін азайтуды, инновациялық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Бұл өз кезегінде компанияға қаржылық тұрақтылықты сақтауға және қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды дәйекті түрде іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Оның жарқын көрінісін, 2025 жылдың он айында тасымал көлемі жоспарының 118,7 орындалып, жұмыс паркінің 978 вагонға дейін ұлғаюынан көруге болады. «Қазтеміртранс» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша да сенімді өсім көрсетті. Айталық, ұлттық жүк вагондарының операторы алдыңғы жылмен салыстырғанда түсімді 20% ұлғайта отырып, нарықта тұрақтылықты сақтап қалды әрі вагон паркінің үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз етті. Осылайша цифрландыру мен жылжымалы құрамды жаңарту нәтижесінде клиенттердің қанағаттану деңгейі 4% құрады.  

Атап өтерлігі, жылжымалы құрам паркін жаңарту – компанияның басты стратегиялық бағыттарының бірі. Және де бұл бағытта ауқымды іс-шаралардың жүзеге асып жатқанын атап өту керек. Мәселен, 2021-2025 жылдар арасында компания 4000 ашық вагон сатып алу арқылы жылжымалы құрам паркін біраз вагонға жаңартып алды. Бұл вагондар отандық өндіруші – «Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-нің өнімдері. Қазір ҚТТ вагондары еліміздің клиенттерінің сұранысын толық қанағаттандырып қана қоймай, вагондардың артылуына да әкеп отыр екен. Сондықтан қазіргі уақытта жаңа жүк вагондарына белсенді сұраныс жоқтың қасы. Алайда, ҚТТ отандық өндірушілерді қолдауға және нарық динамикасы талап еткен жағдайда серіктестікті жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.  

«Қазтеміртранс» АҚ-ның келесі бір стратегиялық бағыты – тарифті белгілеуден бастап вагондардың қозғалысын бақылауға және талдауға дейінгі барлық өндірістік процестерді басқаруды біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформа құру. Бұл бағытта да межеленген шаруалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқаны байқалады. Мәселен, бірінші кезеңдегі іс-шара, жоспарлау мен диспетчерлеуді автоматтандыру аяқталса, қазір компания мамандары клиенттермен өзара іс-қимылды цифрландырумен, оның ішінде жеке кабинет пен кері байланыс сервистерін енгізумен байланысты екінші кезеңмен айналысуда екен. Ал 2026 жылы үшінші кезең басталмақ. Оның еншісінде вагон паркін басқаруды цифрландыру, қосалқы бөлшектерді есепке алу, болжамды жөндеуге көшу. Осылайша ҚТТ толық цифрлық жүйені құру және салалық трансформацияның көшбасшысы болуды мақсат етіп отыр.  

Қазтеміртранс еліміздегі ірі жүк вагондары операторы санатынан болғандықтан, клиенттермен жұмыс істеу барысында сервис сапасын көтеруге басымдық беріп отыр. Бұл да компания стратегиясының бір бағыты. Осы ретте компания клиенттермен жұмыс істеудің сервистік моделін дамыта отырып, вагондардың кепілдендірілген берілуін қамтамасыз ететін сервистік шарттарды ұсынуда. Ал клиенттерден кері байланыс алу үшін компания сайтында сауалнама бөлімі жұмыс істеп, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге арналған Жеке кабинет әзірленуде. Сонымен қатар компанияда сұраныстарды өңдеуді жылдамдатуға, жоспарлау дәлдігін жақсартуға және реакция уақытын қысқартуға көмектесетін жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Бұл қызмет сапасын арттырудың негізгі элементтері болып отыр.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды