Үздік инноваторлар анықталды

Жаңалықтар
12.12.2025, 09:37
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» қоры және «Самғау» Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы портфельдік компаниялар арасында алғаш рет өткізген «Үздік инновациялық компания» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Инновация мен ғылымды дәріптеу, жаңашыл идеяларды қолдау, тиімді тәжірибе алмасу, өндірістегі жұмысты жетілдіру және жаңа шешімдер ұсынудағы белсенділікті ынталандыру мақсатында өткен байқауда компаниялардың дамуына ықпал ететін үздік ұсыныстар мен жаңашыл бастамалар атап өтілді.  

Салтанатты жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, Президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, аталған қорға қатысты компаниялардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.  

Байқау 4 номинациядан тұрды. Бірінші – «Үздік инновациялық компания», мұнда компанияның инновацияларды қолдау деңгейі бағаланды: қызметкерлердің қатысуы, бөлінетін қаржы көлемі, тәжірибеге енгізілген идеялар саны, патенттердің және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобалардың болуы бағаланды.  

Екінші – «Үздік инноватор», қызметкердің жеке жетістіктері ескерілді: ұсынылған идеялардың саны мен сапасы, олардың жүзеге асу деңгейі және инновациялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі қаралды. Үшінші – «Ең үздік енгізілген ұтымды ұсыныс», ұсыныстың әлеуметтік және экономикалық тиімділігі бағаланды. Төртіншісі «Өндірістің инновациялық көшбасшысы» деп аталды. Байқауға қор тобына кіретін барлық портфельдік компаниялар қатысты. Арнайы құрылған комиссия келіп түскен 36 өтінімді бір ай бойы қараған.  

Бүгін қорытындысы шығарылып, бірнеше номинация бойынша үздіктер анықталды. Солардың қатарында Бурабай курорты станциясында рельс дәнекерлеу кәсіпорнында жол машиналары мен механизмдерін жөндеуші болып еңбек ететін Александр Кунников «Үздік инноватор» аталымы бойынша 3-орын алып, арнайы төсбелгімен және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

 – Теміржол саласында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 2021-2025 жылдар аралығында 5 рационализаторлық ұсыныс жасап, өндіріске енгіздім. Ол ұсыныстар рельс дәнекерлеу машиналары стационарлық құрылғыларының қызмет мерзімін ұзарту, басқару пульті операторының панелін жаңғырту және басқа да бағыттағы жобалар болды. Бала кезден өзім электроникамен айналысқанды ұнаттым. Сол қызығушылығым менің бүгінгі жетістіктеріме әкелді, – дейді теміржолшы А. Кунников.  

Байқау жеңімпаздары марапатталып, дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Үздік ұсыныстар мен жобалар ойлап тауып, өндіріске енгізетін таланттар еңбегіне алғыс айтылды. Ұйымдастырушылар байқау жалғасын табатынын жеткізді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады