Қостанай өңіріне «ҚТЖ»-ның корпоративтік омбудсмені барды

Жаңалықтар
20.12.2025, 10:52
Оқуға 2 мин

Екі күндік жұмыс сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік омбудсмені Қанат Әлмағамбетов Қостанай өңірінің бірқатар станцияларына барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қостанай станциясында Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелері мен магистральдық желі өкілдерімен кеңейтілген кеңес өтті. Сондай-ақ, Железорудная, Тобыл, Арқалық және Есіл станцияларында еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті.

Сапар мақсаты – жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен, әлеуметтік-еңбек қатынастарының жай-күйімен, еңбек этикасы мен корпоративтік құндылықтар нормаларын сақтау деңгейімен танысу, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен корпоративтік омбудсмен институты арасындағы тікелей диалогты дамыту.

Кездесулер барысында қызметкерлер өндірістік қызметке тікелей әсер ететін бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауысым қызметкерлерін шалғайдағы станцияларға жеткізу, жекелеген пункттердегі мамандардың тапшылығына байланысты штат құрамымен күрделілік, жекелеген кәсіптер бойынша зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу, сондай-ақ жалақыны индекстеу қажеттілігі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, маневрлік тепловоздар паркін жаңарту, тасымалдау көлемінің өсуі жағдайында персонал санын арттыру мәселелері көтерілді.

Бірқатар өтініштер бойынша түсініктемелер берілді. Қосымша қарауды талап ететін мәселелер бойынша ақпарат Компанияның бейіндік құрылымдарында пысықталғаннан кейін қызметкерлерге жеткізілетін болады.

Сапар қорытындысы бойынша Қостанай өңірі теміржол саласы қызметкерлерінің кәсібилігінің жоғары деңгейі, олардың ҚТЖ корпоративтік құндылықтарына адалдығы және ашық әрі сындарлы диалогқа дайындығы атап өтілді. Адами капиталды дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік тұрақтылықты қолдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі басымдықтары болып қала береді.

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті