Жетістіктер сараланды

Жаңалықтар
23.12.2025, 09:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні Астанадағы Назарбаев университетінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы арасында «Жұмысшы мамандықтар жылының» жабылу салтанаты өтті. 1000-ға жуық адам қатысқан конференцияда бір уақытта әртүрлі залдарда «Жастар және мамандықтар», «Қайырымдылық», «Үздік маман», «Қауіпсіздік техникасы» және HR тақырыптарын қамтыған бес панельдік сессия өтті.

Атаулы жылдың жабылу салтанаты барысында Қор тарапынан тағайындалған «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет атағымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның электромеханигі Абзал Бекназаров, жол монтері Нұрлыбек Мырзабеков, ағаш ұстасы Шынболат Қошанов және слесарь-электромеханик Қанат Ахметов, сонымен қатар Қордың портфельді компанияларының бірі ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның топ-менеджерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аппарат басшысы Ерлан Амандықов, Әлеуметтік саясат департаментінің директоры Ақмарал Байғабылова, Адами ресурстарды басқару департаментінің аға HR бизнес-серіктесі Әсел Ақтау марапатталды.  

«Жастар және мамандықтар» панельдік сессиясында ҚТЖ жастары «Қауіпсіздіктің цифрлық егізі» жобасын қорғады.  

– Бұл жоба «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде жүзеге асты. Байқауда қауіпсіздік мәдениетін арттыру, тігінен өзгерістер және жалпы қауіпсіздік мәселелері сияқты бағыттар бойынша қатысуға болатын еді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Жалпы Самұрық-Қазына компаниялар тобы бойынша 257 жоба ұсынылды. ҚТЖ тарапынан 23 жоба қатысты, бірақ финалға біздің «Қауіпсіздіктің цифрлық егізі» жобасы шықты. Ал жалпы алғанда, 257 жобаның ішінен финалға тек 22-сі шықты, – дейді жобаның авторы Арман Ибраев.  

Оның айтуынша, «Қауіпсіздіктің цифрлық егізі» жобасы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және жарақаттану деңгейін төмендетуге арналған. Ол келесі мүмкіндіктерді, атап айтқанда анонимді сауалнамалар, өздігінен білім алатын жеке көмекші, жұмысқа орналастыру және қызметкерлерді жұмысқа қабылдау модульдері сияқты міндеттерді қамтиды. Жоба жасанды интеллектіні пайдаланумен қатар мобильді қосымша арқылы жұмыс істеуді қарастырады.  

Қордың компаниялар тобында қауіпсіздік мәдениетін, денсаулық пен әл-ауқат тәсілдемелерін ілгерілетуді мақсат еткен «Қауіпсіздік техникасы» панельдік сессиясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі жаттықтырушысы, қазір Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде қозғалыс цехында жетекші инженер болып жұмыс істейтін Мәдижан Дәурен сөз алып, 2017 жылы Шайқұрық станциясында өз міндетін орындау барысында аяғының мыжылып қалуы сияқты өндірістік ауыр жарақат алған жеке оқиғасымен бөлісті. «Қас-қағым сәт, бір қателік менің өмірімді толық өзгертті» деді ол. Көптеген ота, емделулер, қалпына келу сияқты ұзын-сонар әрі ұзақ процестерден өткен ол ешқашан өзінің жалғыз қалмай, әрдайым әріптестері, отбасы тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде жұмысқа оралғанын айтып берді.  

Сонымен қатар конференция кезінде «Samruk Umit» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» жеке мекемесі және «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат әлеуметтік бастамаларды дамытуға, кәсіптік бағдарлау жобаларын қолдауға және қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.  

Меморандумға «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» қайырымдылық қызметінің қорытындыларына арналған және тақырып бойынша өткен жария есебі барысында қол қойылды.  

«Samruk Umit» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері – жас мамандар «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне» жұмысқа орналастырылғанын атап өту маңызды.  

Пікірталас сессиялары аясында қатысушылар жұмысшы мамандықтарын дамыту, инклюзивті білім беру, өңірлерді қолдау және жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту мәселелерін талқылады. Мұндай іс-шаралар серіктестік байланыстарды нығайтуға және тұрақты әлеуметтік бастамаларды іске асыруға ықпал етеді.

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады