Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?

Жаңалықтар
14.01.2026, 09:45

Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушыларға еске салады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, деп хабарлайды Rail-news.kz

Пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайды?

  • Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар.
  • Радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар.
  • Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде).
  • Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар: жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдар.
  • Барлық түрдегі қару-жарақ: атыс қаруы, лақтырмалы, электрлі, механикалық, газды және травматикалық қару, сондай-ақ, суық қару: пышақтар, қанжарлар, штык, қылыш, палаш, ятаган, тесаки, кастет, кистень, стилет, шашка, семсер және соққы-дробящий әсері бар өзге де заттар.
  • Оқ-дәрілер мен патрондар: соғысқа арналған, жарық-дыбыстық, холостық, травматикалық әсері бар, аңшылыққа арналған жабдықталған патрондар және басқа да атуға жарамды снарядтар.

Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.

Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында пойыздарда бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта Тальго пойыздарының 630 вагонына (24 құрам) 1 350 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар 19 бағытта жүретін 46 мейрамхана және бар-вагонда қосымша 92 камера іске қосылды. Барлық бейнематериалдар Ситуациялық орталыққа тікелей түсіп, онда мамандар әрбір төтенше немесе стандарттан тыс жағдайды жедел талдап, тиісті шешімдер қабылдайды.

Компания жолаушыларды бекітілген ережелерді сақтауға және қауіпсіз әрі жайлы сапарды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды