Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Вачиковичпен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар Қазақстан мен Армения Республикасы арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыстың  өзара іс-қимылын ұйымдастыруға және жедел ақпарат алмасуға дайындығын растады. 

Иджеван, Ерасх, Ахурик учаскелерін және желінің басқа да сегменттерін қоса алғанда, теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ жүк ағындарының болжамдары талқыланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, контейнерлік сервистер және Оңтүстік Кавказ арқылы транзиттік тасымалдар перспективалары атап өтілді.