Құрық порты: айлақта алғашқы миллион!
Жаңалықтар
20.10.2017, 09:50
Кеше Құрық портынан Баку портына алғашқы миллион тонна жүк өтті!
Айтулы оқиғаны атап өткен екі елдің өкілдері Каспий теңізі арқылы Еуропаға жол салған бағдардың тиімділігі мен маңыздылығын сөз етті.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов пен Құрық портының басшысы Мырзабек Сақтағанов бастаған айлақ қызметкерлері мен аймақ теміржолшылары, басқа да серіктес кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Құрық портының Бас директоры Мырзабек Сақтағанов көпшілікті айлақ арқылы алғашқы миллион тонна жүк өткізілуімен құттықтап, Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға, Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарды кеңейту, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту шараларына тоқталды.
Құрық теңіз портының құрылысын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыруда. Порт Жібек жолының стратегиялық тізбегінің жалғасы болып табылады. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеріп, көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын дамытады. Құрық портынан жөнелтілген жүктер Әзербайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады.
–Бүгінгі таңда Құрық паромдық кешені арқылы экспортқа қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тығайтқыш, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстаннан шыққан транзит жүктер жөнелтілуде. Бүгін, міне, 1 миллиондық белесті бағындырып отырмыз, – деп қуанышымен бөлісті Мырзабек Сақтағанов.
Мемлекет басшысының Қазақстандағы көлік-логистикалық кешені алдына қойған тапсырмаларының маңыздылығына тоқталған айлақ басшысы елімізде жүк ағынының арта түсуіне орай 2020 жылдары Каспий порттарының өткізу қуаты екі есеге өседі деген болжам жасалуда екенін жеткізді, порттың ағымдағы жұмыстары мен болашақтағы даму жобалары туралыда әңгімеледі.
–Порттың коммерциялық мақсатта жүк өткізуі 2017 жылғы 28 наурыздан басталды. Содан бері, міне, бір миллион тонна жүк өткізілсе, оның 548 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттық жүктер 452 мың тоннаны құрады, – дейді М. Сақтағанов.
Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар. Теміржол станциясына кіре берісте өңдеу және сұрыптау қызметі, «Ерсай станциясы – Құрық порты» кіре беріс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынған. Аталмыш инфрақұрылымдар теңіз маңындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді. Айталық, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құраса, Бакуге Ақтауға дейін 22 сағат кетеді екен.
Құрық портындағы паром өткелі мен «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі басты және сұйық жүктердің мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттың экспорттық әлеуеті және транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.
Салтанатты шараға жиналғандар Президентке құттықтау жеделхатын жолдап, Елбасының өзі ашқан Құрық портының миллион тонна жүк өткізгенін қуанышпен хабарлады.
Даниял ХАМИТ,
Ирина БЕКТИЯРОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты