Ерман Әбдиев, Жамбыл
Техниалық кеңес өтті
Оқуға 2 мин
ЖТ Жамбыл бөлімшесінде аймақтағы барлық темір жол мекемелерінің қатысуымен күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша техникалық кеңес өтті.
Басқосуда соңғы бір айдың көлемінде өткен байқаудың нәтижесі, орын алған олқылықтар сөз болып, жетістіктер де айтылды. Жиынды жүргізген ЖТ-Жамбыл бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов көктемгі және күзгі комиссиялық байқауға дайындық, қозғалыс қауіпсіздігін ширатуда қолданысқа енгізіліп отырған соңғы технологиялар роліне тоқталды. Атап айтқанда, бір ғана «Дрон» ұшыру аппаратының теміржолшыларға көп көмегі тиіп отыр екен. Әуеден бақылау арқылы көптеген кемшіліктердің алды алынып, жедел әрекет етудің мүмкіндігі артқан. Сондай-ақ, өзге де технологиялар осындай жұмыстарға қолданылуда. Жалпы, күзгі байқаудың қорытындысы бойынша магистральді желі бөлімшесіне қарасты шаруашылықтар бойынша 826 ескерту берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 оқиғаға төмен. Ал берілген ескертулердің 470-і дереу қалпына келтіріліпті. Күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша жоғары дайындықтарын көрсеткен, Яяни, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, техникалық құжаттар айналымы, қызметкерлерді техникалық оқыту, қызметтік ғимараттарды абаттандыру және жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, эстетикалық талаптарды сақтауда жақсы нәтиже көрсеткен мекемелер қатарында Хантау, Ақтаутас, Бурыл, Үшбұлақ, Ақыртөбе, Мыңарал сынды станциялар мен ПЧМ Шу, ШЧ-51, ЭЧ-22 аталып өтті.
Техникалық кеңесті қорытындылаған Берік Сағымбекұлы күзгі комиссиялық байқаудың нәтижесі қанағаттанарлық деп баға берді. Жиын соңында байқауға жоғары дайындықпен келген Бурыл станциясының бастығы Айдын Сейтбенбетов, Ақтаутас станциясының бастығы Қайрат Култумаев, Бурылбайтал станциясының бастығы Шалқыма Құтжанова, Хантау станциясының бастығы Халим Есентай, Ақыртөбе станциясының бастығы Ізбасар Үсіпбеков, Жамбыл вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушілері – Амантай Қазмаханов, Әділқұл Шартыбаев, Жетпісбай Қарабековтер ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды.