Жүк айналымында өсім бар
Жаңалықтар
20.10.2017, 10:23
Қазақ-қытай шекарасында орналасқан Достық станциясының теміржолшылары табиғаты аса қатал өңірде еңбек ететінімен ерекшеленеді десек артық айтпаймыз. Кысы сарышұнақ аяз, жазы аптап ыстық, атақты ебі, сайхан желі тынымсыз соғатын өңірде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан жандар- осы теміржолшылар.
Станцияның негізгі қызметі экспортық және импорттық мақсаттағы жүк тасымалын жүзеге асырып, сонымен қатар транзиттік тасымалды ұйымдастыруға негізделген. Қытай мемлекетінен тар жол арқылы келіп жатқан вагондар мен контейнерлерді кең табанды жол арқылы қатынайтын вагондарға тиеп-түсіру процестері осы Достық станцияның басында жүзеге асырылады. Орта Азия елдеріне, алыс-жақын шетелдерге бағытталған жүктердің басым бөлігі де осы мемлекеттік шекаралық түйісу бекеті арқылы өтеді. Міне, осы шаруалардың бәрін станция еңбеккерлері мінсіз атқарып, жұмыс процесінде жарақат алу оқиғаларына жол берген емес. 2012 жылдан бері өндірістік жарақаттану фактілері тіркелмеген. Қазір әлемде болып жатқан шиеліністі экономикалық ахуалға қарамастан Достық станциясының өндірістік-қаржылық көрсеткіштері көңіл көтерерлік. Сөзімізге дәлел, биылғы жылдың үш тоқсанының жұмыс қорытындысы. Биылғы 9 ай ішінде экспортқа шыққан контейнерлік жүк айналымы 29955 вагон 640 711 тоннаны құраған. 2016 жылмен салыстырғанда 12 237 вагонға немесе 169 пайызға артыпты. Ал тоннаға шаққандағы көрсеткіш 163 пайыз немесе 247058 тоннаны құраған. Импорттық бағытта 62 602 вагон 1135558 тонна жүк қабылданып алынған. 2016 жылмен салыстырғанда, вагон көрсеткіші 26 пайыз өсімін құраса, ал тоннаға шаққандағы жоспардың орындалуы 116 пайызға жетіп жығылған. Достық станциясының Жыл соңына дейін межелеген жоспарлы көрсеткішке жетеміз деп ойлаймыз. Жалпы достық станциясыендағы жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нәтижесін беруде. Қызметкерлеріміз бен жұмысшылармыздың күндіз-түні ауа райының құбылуына қарамастан жүйелі түрде жүргізіп жатқан тынымсыз еңбегінің жемісі.
Вагондардың бір жүк операциясы кезіндегі кідірісіне кететін уақыты да жұмыстың ұтымды ұйымдастырылуы нәтижесінде қысқара түскен.
Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникаларының сақталуына айрықша мән берілген. Күн сайын планерлік жиналыстарда еңбек қорғау және қауіпсіздікке қатысты нұсқамалар жүргізіліп, өндірістік жарақаттану жайттарының алдын алу, болдырмау мақсатында өзге аймақтардағы жарақаттану оқиғалары техникалық сабақтарда өндірістік оқыту шеберлерімен жеткізіліп, талқыланып отырады. Соның арқасында жұмыс процесінде еңбек қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілмей отырған көрінеді.
Ислам ТАЛҒАТ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты