Шығыс тармаққа басымдық берілді
Жаңалықтар
20.10.2017, 10:28
Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер алдағы қысқа толықтай даярлық шараларын жүргізді. Соның ішінде байтақ Шығыс өңіріндегі барлық желі бойына қызмет көрсететін Семей электрмен жабдықтау дистанциясының қатал маусымға әзірлігі ерекше.
Бұл ретте ұзын-сонар телім бойының ең күрделі аумақтары бірінші кезекте назарға алынған. Дистанция жетекшісі Нұрлан Әзімхановтың айтуынша, биылғы жаздағы жоспарлы шаралардың барлығы орындалған. Алдыңғы кезекте дистанцияға қарысты әуе желілері басым бөлігі ауыстырылып, 100-ден астам тіректері жаңартылған. Айта кетерлігі сол, бұл бағыттағы жұмыстар қар түскенге дейін, яғни, алдағы қараша айына дейін жалғасады. Бүгінгі таңның өзінде дистанцияға қарасты барлық трансформаторлық қосалқы станцияларда қосымша қызметтік тексерулер жүргізіліп, толықтай жаңартылып жатыр.
Электрмен қамту ісі бойынша өндіріске тың жаңашылдықтар көптеп енгізіліп, жаңа құрылғылар мен аспаптар қолданысқа берілуде. Атап айтсақ осыдан біраз бұрын жоғары вольтті вакуумды қосқыш алынып, Аягөз, Шар, Семей станцияларына орнатылған болатын. Сондай-ақ, осынау құрылғылардың игілігін ендігі аралықта Защита және Шемонайха, Серебрянка станциялары да көре алатын болады. Дегенмен мұндай шалғай станцияларда күрделеніп келе жатқан мәселелер де аз емес. Бірінші кезекте арнайы біліктілігі бар мамандардың қажеттілігі сезілуде. Сонымен қоса, заманауи техникалар алу қажет. Себебі, Алтайдың шығыс сілемдерінде, таулы өлкелерде жұмыс істеуде біршама қиындықтар орын алады. Мәселен, Защита, Серебрянка сынды кенді өлкелерге қарасты орманды аумақта, желі жиегіндегі биік өскен қарағай бұталары электрмен қамтушылар жұмысына көп кедергі тудырады. Қар басқан ағаш бұталарының сынып, электр желілерін зақымдайтын кезі аз болмайды. Одан өзге таулы өлкелердегі сымдарға мұз да жиі қатады екен. Мұндай бұталарды шырпу үшін арнайы техниканың көмегі керек. Жалпы, аталмыш жұмыстар желі бойында ұдайы жүргізілуі тиіс болғандықтан машиналардың қажеттілігі сезілуде.
Мекеме басшысының айтуынша, биылғы жазда табиғаты аса қатаң Защита өңірі бірінші кезекте назарға алынып, қысқа даярлық жұмыстарына да біршама басымдық беріліпті. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесіне қарасты барлық 22 станция мен 46 жол өткелдеріндегі құрылғылар 100 пайыз алдағы қысқа әзірленіпті. Бүгінгі таңда бұл аумақтағы желі бойында 588 темірбетонды арнайы тіректер бар. Дегенмен, 6608 ағаш тіректер кезеңімен жаңартылу үстінде. Бұл жұмыстар бойынша межелі шаралар уақытында орындалуда. Қазіргі күннің өзінде аталмыш өңірде ауа райы суытқанымен көзделген жұмыс барысы толастаған жоқ. Күзгі комиссиялық тексеру барысында анықталған кілтипанның барлығы соңғы бір ай ішінде толық жойылған.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты