Тоғыз айдағы толымды іс

Жаңалықтар
20.10.2017, 10:32
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - Атырау жүк тасымалы  бөлімшесі өткен тоғыз айда техникалық  жоспарға эксплуатациялық қызметтің негізгі  көрсеткіштерді түгелге жуық орындап шықты деуге болады. 16 көрсеткіштің тек біреуі ғана межеге жетпей қалған.  Тоғыз айда  толымды істер атқарылды. Таратып айтсақ  пайдалану жүк айналымы 105,3 пайызға, жүктерді тиеу 107,6 пайызға, пайдалану жүк айналымы 105,3 пайызға, жүк тиеу 107,6 пайызға т.т. асыра орындалған. Басқармамен шешілген жоспардың 15-і орындалып,  пайдалану жүк айналымы 101,6 пайызға, вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 112 пайызға, жүк вагонының орташа тәуліктік жүрісі 109,9 пайыз көрсеткішке жетті.   Техникалық жоспарға негізгі 1 пайдалану  көрсеткіші орындалмады. Ол - пойыздар   қозғалысының   техникалық жылдамдығы,  0,09 км/сағ немесе 0,2 пайызға кеміді. Басқармамен шешілген жоспарға да 1 көрсеткіш орындалмады. Ол - жүк тиеу 459 мың тоннаға немесе 6,3 пайызға төмендеді. Жүк пойызы қозғаласының орташа техникалық жылдамдығы техникалық жоспарға 99,8 пайызға орындалды. 0,09 км/сағатқа кеміген. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Болатбек Меңдешовтың берген мәліметіне сүйенсек, жоспардың орындалмау себебі, пойыздардың перегондағы жүрісі уақытын ұстамау санының артуы (186 жағдай 95,2 сағатқа), жылдамдықты төмендетуге берілген ескертпелердің наурыз айында артуы. Бұған қоса  қаңтар айында, наурыз айының 3-ші кезеңінде ауа-райының күрт өзгеріп, қалың тұман мен күшті жел де жоспардың орындалуына кесірін тигізген.  Бұл жағдайлармен бірге,  көрсеткішке машинистердің қағаз маршруттан  электронды маршрутқа көшуіне байланысты орын алған кем-кетіктер де себеп болған көрінеді.  Сондай-ақ,  басқару  жоспарына жүк тиеу  93,7 пайызға  орындалып, жүктелімнің төмендеуі   тамыз айындағы Теніз газөңдеу зауытының учаскелік нысандарына жүргізілген жөндеу жұмыстары және  ЕБЗ- ға (Екінші Буын Зауыты) капиталды жөндеу жұмысынан қыркүйек айында «Теңішевройл» ЖШС -нің шикізатты, сұйытылған газды  жөнелту көлемі төмендеуінен болған. Сондай-ақ 18 тамыз бен 19-қыркүйек аралығында  «АНПЗ»ЖШС зауытының  күрделі  және ағымдағы жөндеуге  технологиялық құрылымдар орнатуға  тоқтатылуымен байланысты  «Батыс Транс Групп»ЖШС-нің  өнімді жеткізу, жүктеу көлемі кеміді. Сонымен  129310 тоннадан 1930 вагон химикат, 54845 тоннадан 1567 вагон пропан-бутан өнімдерінің  болмауы себепті  Ақжайық,Тендік   бекеті бағыттарына 149220 тоннадан 2487 вагон  көлемінде және  Құлсары бекеті арқылы «Теңізшевройл» ЖШС жүктеп,  экспорттап,   мұнай өнімдерін жеткізетін жүк жөнелтуші   «Батыс Транс Групп» ЖШС тарапына  бас тарту туралы мәлімдемелер алынды.  Бұдан басқа  Ақжайық,  Теңдік бекеттеріне мұнай өнімдеріне  жүктелімнің төмендеуіне  орай Грушевая, Новоросийская, Вышестеблиевская  бекеттеріне екі айға конвенциялық тыйым салынуына   қатысты   148380 тоннадан 247 вагон, және 22000 тоннадан 367 вагон көлеміндегі  өнімді өзге де жолдармен келіссөз жүргізбегендігі де әсер етті. Одан өзге  қыркүйек айында  Карабатан бекеті бағытына экспорттау  жүгіне 27300 тоннадан 420 вагон көлемінде  және Ақжайыққа 1500 тоннадан 25 вагон  көлеміндегі өнімнің жоқтығына байланысты  бас тарту хабарлары қабылданған.       -Құлсары және Махамбет бекеттерінен    жүк жөнелтуші  «ТШО» ЖШС нен   жүктеуге берілген мұнай және мұнай өнімдерін  игерілмеуіне байланысты 4503 вагонға 15325960 теңге, химикаттарға 2571 вагонға 8750398 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.  Жүк жөнелтуші  «Батыс Транс Групп» ЖШС  жүктеуге   тапсырылған мұнай және  мұнай өнімдерінің  экспорттауға берілген  вагондарының игерілмеуіне орай 13708 вагоннан  46655178 теңге көлемінде айыппұл өндірілді,- деді тоғыз айда қол жеткізген толымды жайттарды саралаған   Атырау жүк тасымалдау бөлімшесі өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Болатбек Меңдешов. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты