Жас келсе - іске
Жаңалықтар
20.10.2017, 10:57
«Қызылорда–ЖТ» бөлімшесінің бір топ жастары аймақ теміржолында еселі еңбек жасап зейнет жасына шыққан ардагерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, қолғабыс етті.
Бөлімше жастарының басын қосып ардагерлерге көмек беру жұмысын ұйымдастырған «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев белсенді жастарды жиып Қызылорда жол дистанциясынан зейнеткерлікке шыққан Әскербек пен Қыпшагүл Қалдыбаевтардың отбасына тұрмыстық көмек көрсетуге аттанды. Үстеріне сары жилет киіп, қолдарына күрек пен тырма ұстаған жастар қариялардың ауласын тазартып бау-бақшасын баптаса, қыздар үй ішін ретке келтіріп, жуып-шайып, зейнеткерлердің алғысына бөленді.
Екеуі де жол дистанциясында, бірі мотовоз жүргізушсі, бірі жолшы болып абыройлы еңбек етіп зейнетке шыққан байырғы теміржолшылар саланың қиын да қызықты шақтарын еске алып, әңгіменің тиегін ағытты.
–Біздер жұмыс жасаған уақытта барлық жол күтімі жұмыстары тек қолмен атқарылатын. Жұмыс кезінде жолшылар күнделікті бірнеше шақырым жол жүріп, қос рельстің бабын жасайтын еді. Ол кезде қазіргідей техникалардың қат кезі. Ал қазір естуімше, барлық жұмысты техникаға жүктеп қойыпты деп естимін. Сендердің келгендеріңе қуанып отырмын. Өркендерің өссін, жұмыста нағыз теміржолшыға тән табандылықпен еңбек етіп, алғыр болыңдар, болашақ сендердің қолдарыңда,-деп көмекке келген жастарға ризалық көңілмен батасын берді Әскербек қария.
Аймақ теміржолында жалынды жастығын өткізіп бүгінде бейнеттің зейнетіне бөленген ардагерлер қашанда жастардың жұмысына сын көзбен қарап ағат кеткен жерінде қамқорлық танытып, тура жол көрсетуден танған емес.Мұны жақсы ұғынған жастар да қарияларға көмек қолын созуға әрдайым әзір тұрады.
–Бүгін Әскербек ата мен Қыпшагүл әжейдің үйіне ауысымнан шыққан жастардың бір бөлігі ғана келді, келесі жолы басқа зейнеткерге барамыз. Қариялардың ақыл-кеңесін тыңдап, батасын алғанның өзі бізге неге тұрады?! Осындай жұмыстар Қызылордада ғана емес бөлімше бойынша барлық станция-бекеттерде жасалып жатыр, - деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Ернар Зинуллаев.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты