ҚТЖ және ТТЖ ынтымақтастықты дамытады

Жаңалықтар
17.02.2026, 18:59

Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Рохи охани Точикистон» МУК бастығы Комил Мирзоалимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөздер барысында тараптар негізгі көрсеткіштердің айтарлықтай өскенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тасымалдардың жалпы көлемі 15,1% артып, 5,9 млн тоннаны құрады. Соның ішінде Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 7,6 пайызға өсіп, 2,6 млн тоннаға жетті – бұл астық, ұн, мұнай өнімдері, қара металдар, түсті кен, өсімдік майы және т. б. 

Теміржол әкімшіліктерінің басшылары теміржол маршруттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірдегі сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, логистикалық процестерді одан әрі интеграциялау, құжаттаманы цифрландыру және Орталық Азияны әлемдік нарықтармен байланыстыратын көлік дәліздерін бірлесіп дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Рохи охани Точикистон» МУК арасындағы ынтымақтастық көпжылдық әріптестік қатынастарға негізделіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы екіжақты хаттамаға қол қойылды.

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрінің Тәжікстан мемлекетінің басшысымен кездесуі аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы ТР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Холикзода Хаким Хикматулломен және осы елдің Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі талқылап, екі мемлекеттің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экономикалық өзара іс-қимылға қуатты серпін беруге арналған тиімді көлік дәліздерін құруға және жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл