Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын

Жаңалықтар
20.02.2026, 10:54
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қызылорда облысындағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңеске Қызылорда облысы әкімдігінің, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, мердігер ұйымдардың, сондай-ақ жобалау және инжинирингтік компаниялардың өкілдері қатысты.

Отырыста Жалағаш, Жосалы, Тереңөзек, Төретам, Жаңақорған, Шиелі, Арал теңізі, Сексеуіл, Қазалы станцияларындағы вокзалдарды және Талап платформасын реконструкциялау жобалары қаралды.

Жаңақорған, Шиелі, Қазалы вокзалдары мен Талап платформасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға аяқталғаны атап өтілді. Нысандар соңғы кезеңде, аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес барысында құрылыс жұмыстарының өндірістік кестеге сәйкестігі, орындалатын құрылыс-монтаж іс-шараларының сапасы, сондай-ақ реконструкция кезеңінде жолаушыларға қолайлы қызмет көрсету үшін уақытша инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Өңірді жаңғырту бағдарламасына енгізілген барлық вокзал кешендері ағымдағы жылы толық аяқталатыны ерекше атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жобаларды іске асыру қарқыны мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына, мердігер және жобалау ұйымдарына берілді.

Вокзалдарды реконструкциялау Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары үшін теміржол инфрақұрылымының жайлылығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды