Теміржолшылар қан тапсырды

Жаңалықтар
13.03.2026, 08:20
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы және ҚТЖ-ның Адами ресурстарды басқару департаментінің ұйымдастыруымен компанияның орталық аппаратында донор күні өтті.

Аталған департаменттің бас менеджері Талғат Есгужановтың айтуынша, таңертеңгі сағат 09.00-де басталып 14.00-ге дейін созылған іс-шараға теміржолшылар белсенді атсалысты. Көп жылдан бері осы қайырымды іспен айналысатын 100-ден астам теміржолшы қан тапсырды.  

Бұл әлеуетті донорлар арасында 10-15 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқан теміржолшылар көп. Олар қашан да қайырымдылық акцияның бір бөлігі болуға және донорлық қозғалысқа өз үлесін қосуға асығады.  

– Донор деген кітапшам бар. 2015 жылдан бері қан тапсырып келемін. 52 жастамын, денсаулығым бойынша еш жерде тіркеуде жоқпын. Йогамен тұрақты айналысамын. Орталықта әлеуетті донор ретінде тіркеуде тұрғандықтан шұғыл қан керек кезде маған хабарласады. Қан тобым – 1, бұл топ бәріне жарамды. Қан тапсырғаның үшін еңбек демалысыңа қосымша күн қосылады. Бірақ біз ол үшін емес, өз денсаулығымыз үшін және хал үстінде жатқан науқастарға көмегіміз тисін, бір адамды болса да аман алып қалуға септік етейік деп донор болып жүрміз, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС департамент менеджері Назгүл Шугубаева.  

Теміржолшылардың көбі ауыз бекітіп, ораза ұстағанына қарамастан қан тапсыруға келген. Мамандар қан қысымы мен гемоглобині, холестерині дұрыс болса және майлы тамақ жемеген болса, оразаға қарамай қан тапсыруға болатынын айтады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты