Қытайлық Neptune Logistics компаниясы Қытайдағы Алашанькоу қалалық округінің оңтүстік шетінде мультимодалды құрғақ портты пайдалануға берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Логистикалық нысан «Достық – Алашанькоу» мемлекетаралық түйісу пунктінен 6 шақырым жерде салынған.
Құрғақ порттың аумағы шамамен 13,3 гектарды құрайды және онда мыналар бар:
- контейнер алаңы;
- кедендік қойма;
- бондалық қойма;
- қауіпті жүктерге арналған қойма;
- тоңазытқыш камералары бар қойма.
Ол келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- жүктерді шоғырландыру (консолидация) және LCL (құрама жүктер) қызметтері;
- қауіпті жүктерді сақтау;
- рефконтейнерлердегі жүк тасымалын ұйымдастыру;
- бос және тиелген контейнерлерді сақтау;
- кедендік құжаттарды ресімдеу;
- трансшекаралық автокөлік тасымалын ұйымдастыру.
Neptune Logistics құрғақ портының іске қосылуы жүктерді жеткізу мерзімін Орталық Азия елдеріне 3 тәулікке дейін, Мәскеуге 7 тәулікке дейін, ал Еуропа елдеріне 10 тәулікке дейін қысқартады деп күтілуде.