Кадр мәселесінде біліктілік арттырмақ

Жаңалықтар
27.10.2017, 09:36
Кеше  «ҚТЖ» ҰК» АҚ   филиалы – Темір жол персоналын дамыту және бағалау орталығы мен Адам ресурстарын басқару департаментінің ұйымдастыруымен Ұлттық компания филиалдары мен еншілес ұйымдарының кадрларды басқару бойынша қызметпен айналысатын қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар басталды.  Екі күндік семинардың мақсаты – кадрларды басқару ісімен айналысатын мамандардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыру. Бұл шараның артықшылығы, семинарды сырттан келген адамдар емес, Ұлттық компанияда жұмыс істеп жатқан Темір жол персоналын дамыту және бағалау орталығының, сондай-ақ, Адам ресурстарын басқару департаментінің мамандары, яғни күнделікті жұмыстың қыз-қыз қайнаған ортасында жүрген мамандар жүргізеді, олар ҚТЖ-дағы кадр мәселесіне қатысты барлық ереже, нормативті-құқықтық актілер, тағысын тағы заңдық құжаттармен жете таныс. Бүгін семинар Астанада басталып отыр, алдағы аптадан бастап Қазақстанның барлық өңіріне іссапарға шығып, осындай семинарлар ұйымдастыратын боламыз. Бұл семинарлар барысында кадрларды басқару мамандары ҚТЖ-ға енгізілген жаңашылдықтармен, соны ереже, заңнамалармен кеңінен танысып, өздерінің жұмыс барысындағы әлсіз тұстарын анықтауға, олқылықтарды жоюға, ең бастысы, өз қызметтерінің жаңа қырын ашып, өз ісінің сауатты маманы болуға мүмкіндік алады, – дейді Темір жол персоналын дамыту және бағалау орталығының қызметкері Рустам Әлімханов. Семинардың бірінші күнінде кадр саясаты, кадрлық іс жүргізу, біліктілік анықтамалығы, еңбекпен қамту бойынша комиссия жұмысы, кадр таңдау, іздеу, ұжымдық шарт, еңбек ақы төлеу, ынтыландыру, әлеуметтік саясат мәселелері қарастырылса, екінші күні күн тәртібінде бизнесті трансформациялау, бағалау, аттестациялау, таланттарды басқару, бейімдеу, тәлімгерлік, сонымен қатар «Магистратура/Доктарантура» бағдарламасы бойынша гранттар, оқу, даму, ішкі жаттықтырушылар, сондай-ақ, «Магистраль» бағдарламасы бойынша грант және Компания президентінің атаулы стипендиясы, өндірістік оқыту, практикалар мен іс-тәжірибелерді ұйымдастыру мәселелері шығарылуда. Семинар лекторлары қатысушылар сұрақтарына жауап беріп, әр тақырып бойынша талқылаулар өткізбек.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты