Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Сайлаушылармен кездесті
Оқуға 1 мин
«Қызылорда ЖТ» бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев «Теміржол» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты ретінде сайлаушыларымен кездесті.
Елбасы Жолдауы мен бес конституциалды реформада көрсетілген міндеттердің жүзеге асыруы барысын саралап, тұрғындармен пікірлесу, олардың талап-тілектерін тиісті құзырлы орындарға жеткізу мақсатында өткен кездесуді партияның «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева ұйымдастырып, сайлаушылар тарапынан көтерілген мәселелерден хабардар болып оның шешімін бірлесіп табу үшін қала әкімі апаратынан да жауапты мамандарды шақырды.
Кездесу барысында Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларға, оның мәні мен маңыздылығы, алға қойған мақсат-міндеттері сөз болды. Аманкелді Арысбаев «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өз округіндегі сайлаушылармен тұрақты байланыс жасауда тұрғындармен кездесу ұйымдастырып отырғанын айтып, олардың талап-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер тиісті жергілікті мемлекеттік органдарға жеткізілетінін, оның шешілуіне ат салысатынын жеткізді.