Күзгі емтихан  – қысқа дайындық

Жаңалықтар
27.10.2017, 09:50
Күзгі комиссиялық тексеру кезінде «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалына қарасты 38 станция, Арыс және Түркістандағы локомотив деполары, Арыс вагон жөндеу депосының қысқа дайындығы тексерілді.  Жылдағыдай қайталанатын кемшілік биыл да табылған. Мәселен, Шымкент, Сарыағаш, Түлкібас, Манкент бекеттерінде басшылық кейбір станция жұмысшыларына өз міндеттерін толық таныстырмағаны анықталыпты. Арыс станциясында құжаттарды толтыруда кеткен кемшіліктер көзге көрінген. Сондай-ақ, Арыс, Шымкент станцияларында құрамдардың бекітілуі кейде нұсқаулыққа сай жүргізілмеген. Арыстағы дөңесте вагондарды сұраптау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтау ережесі аракідік ескерілмей қалатыны да байқалыпты. Яғни, комиссия мүшелері тексеру кезінде газ сығымдалған вагон-цистерналарды сұрыптау ережесі орындалмағанын айтады. Текесу бекетіндегі кірме жолдарда вагондарды алып шығарда қауіпсіздікті сақтау талаптары сақталмаған. Сондай-ақ, осы бекетте вагондар жылдамдығын реттейтін №№ 37, 38, 39 тежегіш құралдарының реттік нөмірлері белгіленбеген. Кейбір бекеттерде вагондар жылдамдығын реттейтін посттағы дауыс зорайтқыш құрал істен шыққан. Оған қоса вагон жылдамдығын реттеушілер вагондарды сұрыптап, жөнелтетін жерде вагонға бақылау жасап, башмакпен жылдамдығын бекіту кейде өз деңгейінде жүргізілмейді екен.    Қызылсай, Дарбаза, Черноводск бекеттерінде локомотивтерді жіберу тәртібі талапқа сай жүргізілмеген. Меңлібай бекетінде де №№ 5, 6, 7, 8 башмактарда тиісті үш жолақтың орнына екеуі сызылған. Сонымен қатар, бірқатар теміржолшылардың кейбір нұсқаулыққа сай жұмыс уақытында кемшілік жібергені байқалып, оларға ескерту берілген. Бөлімшедегі қауіпсіздік қызметінің бастығы Асанбек Құсайбаевтың айтуынша, әсіресе жол шаруашылығында жаңа материалдар жоқтың қасы. Жаңа шпалдар, бағыттағыш бұрмалар жетіспейді. Соның есебінен кемшілік көп шығады. Ал, шынында оған жолшылардың кінәсі жоқ. Бөлімше бастығы бастаған тексеру кезіне кейбір станция басшылардың кезектен тыс жоспарланбаған техникалық сабаққа қатыспайтыны, көбіне нұсқаулықтармен жұмысшыларды уақытылы таныстырмағаны байқалған. Телеграммамен келген хабарламалар да жұмысшыларға дер кезінде жетуі тиіс. Бірқатар бекеттердегі техникалық құжаттардың толтырылуын тексергенде станцияның технологиялық картасына сай болмапты. Нұсқаулыққа сай, станция бастығы айына екі рет қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, тексеріп тұруы қажет. Яғни, теміржолшылардың өз міндеттерін қаншалықты жауапкершілікпен орындайтынына айрықша назар аударуы тиіс. Шағын бекеттерде жүктерді қабылданып-жөнелтерде ережесінің сақталуы, маневр жұмыстары кезінде вагондардың талапқа сай бекітілуі және құрамның соңына тежегіш башмақтардың дұрыс қойылуы қадағаланбаған. Техникалық құжаттардың дұрыс орындалуы мен техникалық сабақтарды сапалы жүргізілуіне мән берілмеген. Үлкен станцияларда тракционды жолдардың мерзімінде тексерілмегені, бағыттағыш бұрмалар талапқа сай жұмыс істемей тұрғаны айтылды. Кейбір бекеттерде техникалық сабақтар теміржолдағы өзге мекеме қызметкерлерінің қатысуынсыз өтіп жүрген. Ортақ тақырып қауіпсіздік болғандықтан, негізі техникалық сабаққа теміржолшылармен қатар әскерилендірілген күзет бөлімі сынды өзге де мекеме мамандары қатысуы тиіс.  Шеңгелді, Отырабат, Күншағыр бекеттері телеграфтық тапсырмаларды орындауда сапаға мән бермейтіні байқалыпты. Қазығұрт, Түлкібас бекеттерінде қауіпті жүк артқан вагондар екінші рет техникалық тексеруден өткізілмеген. Кейбір станциялардағы вагондар жылдамдығын реттейтін қосындарда қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бұрышына арналған ережелер жазылған тақталар ілінбеген. Арыс пен Түркістандағы локомотив бригадалары демалатын үйге,  Қызылсай, Текесу, Қазығұрт бекеттеріне күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі сезілген соң, келесі жылдың жоспарына енгізіліп отыр. Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының қамқорлығындағы Монтайтас бекетінің ғимаратында жылу жүйесін жасау мен Қарақоңыр, Ақшоқат, Шанақ бекеттерінде ескі терезелерді жаңалау тапсырылған.   Вагон шаруашылығы саласын тексергенде техникалық қызмет көрсету орындарында қосалқы бөлшектердің тапшылығы байқалған. Әсіресе, жолаушылар вагондарына қажетті кешенді қосалқы бөлшектер толыққанды қарастырылмаған. Қытайдан шығатын вагондарда да осы мәселе бар. Шеңгелді және Қалаш бекеттерінде КТСМ құрылғысы қойылмаса, басқа бақылау посттарында аталған құрылғының арақашықтығы талапқа сай болмай шыққан. Мәселен, Шағыр мен Шеңгелді арасы 42 км болса, Дарбаза мен Шеңгелді арасы 37 км, сосын Арыстан Бадамға дейін тағы 42 км арақашықтықта аталған құрылғы қойылған. Өйткені, құрылғы қойылған пунттердегі арақашықтық 25-30 км арасында болуы тиіс. Ал мұндағы 42 және 37 км, яғни талапқа сай еместігі айтылды. Түлкібас бекетіндегі техникалық тексеру пунктінде талап бойынша 7 маман жұмыста болуы тиіс болса, іс жүзінде бесеуі ғана ауысымға түскен. Жалпы, кемшілік жіберген тиісті сала мамандарына ескерту немесе сөгіс жарияланып, кемшілікті түзетуге уақыт берілген.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті