Бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін...
Жаңалықтар
27.10.2017, 09:54
Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда станциясында жүзге жуық теміржолшы еңбек етеді. Теміржол көлігін пайдаланушылардың саны мен сапасын арттыру мақсатында кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқарып отырған станциялықтар қол жеткізген жетістік жаман емес.
Сыр бойылық теміржолшылар жылдың алғашқы үш тоқсанында 1412 вагонға жүк тиеу жоспарын 1828 вагонға жеткізіп, межені 129,46 пайызға орындап, осы мерзімде 79039 тонна жүк тиелуі тиіс болса, оның орнына 108 560 тонна жүк жөнелтіп, жоспарды 137,5 пайызға орындап отыр. Жүк түсіру жұмыстарында да жоспарды артығымен, орындай білген станциялықтар тоғыз ай ішінде 8995 вагонның орнына 9104 вагоннан 457 489 тонна жүк түсіріп, межені 101, 21 пайызға орындаған.
Жүк тиеп-түсіруден бөлек вагондардың құжаттарын рәсімдеу, құрастыру, кірме жолдарға вагондарды беріп, кері шығару, жүктен арылған вагондарды тазалау, станцияда вагондарды тарқатып, қайта құрау жұмыстарында да станциялықтардың жұмысы сапалы әрі бірқалыпты өндірістік ырғақпен жүргізілуде.
– Әрине өндірістік жұмыс барысында кедергілер кездеседі, дегенмен ондай кезде барлығымыз жұмылып, жұмыс ырғағының бұзылмауына күш саламыз. Ұстанымымыз – біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін. Сондықтан барлығымыз ұжым болып жұмыс жасауға дағдыландық, әрбіріміздің жоспарды орындауға деген ұмтылысымыздың нәтижесіне жақсы көрсеткіштерге жетіп отырмыз деуге болады, – дейді әріптестері жайлы пікірін білдірген Қызылорда станциясы техникалық бөлімінің бас маманы Мөлдір Дәулеткелдиева.
Станциядан жөнелтілетін жүктің басым бөлігі өңірде өндірілетін агрошаруашылық өнімдері, құрылыс заттары, мұнай өнімдері мен жергілікті тұрғындардың тұрмыстық қажеттілігіне керекті заттардан түзілуде. Жылдың үшінші тоқсанында станциялықтар атқарған жұмыстардың ішінде мына өнімдердің тиелуінде салмағы басым болып тұр. Мәселен, тоғыз айда 121 вагонға 6763 тонна металл сынықтары, 230 вагонға 15411 тонна құрылыс заттары, 99 вагонға 6724 тонна астық, 844 вагонға 56818 тонна ұн өнімдері тиелген екен.
Сонымен қатар аймақтың басты өнімі саналатын мұнай-газ шикізаты құбырмен тасымалданатын болғанмен станциялықтардың қызметін пайдаланушылар әлі де жеткілікті болып 180 вагонға 10790 тонна мұнай тиелген. Өңірдің басты өнімдері тұз бен цементтің жөнелтілуі де тұрақты, 23 вагонға 1564 тонна цемент, 41 вагонға 2786 тонна тұз тиеліп тиісті нүктелерге жөнелтіліпті.
Үш тоқсанның қорытындысында статистикалық жүктеменің 55,98 тн/вагон жоспарын 59,39 тн/вагонға жеткізіп межені 106,09 пайызға орындаған. Бір жүк айналымы операциясы кезіндегі вагонның бос тұру межесі 10,66 сағат деп белгіленсе, көрсеткіш 10,12 вагон/сағатқа орындалып жоспар 105,33 пайызға жеткен.
Транзитті вагондардың құжаттарын рәсімдеу кезіндегі орташа бос тұруы 5,22 ваг/сағатқа межеленсе, оның орындалу көрсеткіші 4,37 ваг/сағатқа төмендетіліп, жоспар 119,45 пайыз болса, транзитті вагондардың құжаттарын рәсімдемей тұру ұзақтығы белгіленген 1,00 ваг/сағатық мөлшерлеме 0, 98 ваг/сағатқа айналып көрсеткіш 102,04 пайызға орындалған. Станцияның 164 вагонға белгіленген жұмыс паркі 70 вагонға жеткізіліп, жоспар 234,3 пайызға орындалып отыр.
Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты