Баспасөзге қызмет – елге қызмет
Жаңалықтар
27.10.2017, 09:58
Арыс қаласында баспа өнімдерін жаздыртып, оқырмандарға таратумен айналысатын мекемелердің ішінде «Ердәулет-Тайма-Баспасөз» ЖШС-нің өзіндік орны бар.
Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған серіктестіктің мерейтойы жаңадан бой көтерген, заманауи үлгідегі ғимаратқа кіруімен қатар келіп, серіктес мекеменің қуанышына біздің тілшіміз де ортақтасып қайтқан еді. Облыс орталығы мен аудандардан келген оңтүстікке белгілі баспасөз саласының майталмандары мен кәсіпкерлер мекеменің жетістігін атап өтті. Алғашқы кезде небәрі бес адамды еңбекке тартса, бүгінде мұнда жиырмадан аса азамат еңбек етеді. Он жылдың ішінде елеулі еңбек етіп, бүгінде қанатын кеңге жайған мекеме Шымкент, Түркістан қалалары, Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас, Отырар аудандарын да мерзімді басылымдармен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінгі таңда серіктестік барлық деңгейлі газет-журнал редакцияларымен, "Қазпресс", "Евразияпресс" секілді алпауыт фирмалармен сенімді әріптес ретінде тығыз байланыс орнатып, мерзімді басылымдарды арыстықтардың әрбір шаңырағының рухани байлығына айналдыруда.
Серіктестік биылғы жылдан бастап баспа өнімдерін шығарумен қатар мемлекеттік рәміз, мөр және мөртабан жасаумен айналысып, арыстықтардың баспа өнімдеріне деген сұрасыныстарын өтеуде. Бұрын арыстық мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері баспа өнімдері үшін облыс орталығына сабылса, қазір бұл жұмыстың барлығы да жергілікті жерде іске асырылуда.
Сонымен қатар, осынау қуанышты күні серіктестіктің қызметкерлері мен баспасөз ардагерлері, мерзімді басылымдардың көптеп таралуына осы серіктестік арқылы атсалысып жүрген үздіктердің еңбектері жоғары бағаланып, олардың бәрі де сый-сияпат пен құрметке бөленді. Серіктестік қызметкерлерімен қатар баспасөз жанашырлары "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан", "Айқын", "Жас алаш", "Қазақстан теміржолшысы ", "Рейтинг" сынды танымал басылымдардың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңында қонақтар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, «Баспасөзге қызмет ету – елге қызмет ету» деп ақжарма тілектерін білдірді.
Жарылқасын ЖҰМАБАЙ, Арыс қаласы
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты