Келеңсіз оқиға азаяр емес...

Жаңалықтар
27.10.2017, 10:02
Теміржолға жақын орналасқан Шымкент қаласындағы №6 мектептің оқушылары мен осы ауданның тұрғындары жер асты өткелі болса да, теміржолды кесіп өтуді әдетке айналдырған.    Осы білім ошағында Шымкент магистральді желі бөлімшесінің бас инженері Мұрат Бидалиев, ОҚО көлік бақылау инспекциясы, темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Сапарбек Тұрдалин, Шымкент көлік прокуротурасының прокуроры Махан Жәнібеков, Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Мақашевалар қатысқан жиында жергілікті халықты осы жаман әдеттен арылту мәселесі қозғалды.   Аталған сала мамандары жыл басынан бері аймақтағы теміржол бойында 14 адамды пойыз басу фактісінің  тіркелгенін,  оның тоғызы дүниеден өткенін, төртеуі  жас балалар болғанын ашына жеткізді. – «Тұлпар-Тальго» пойыздары сағатына 120 шақырыммен жүреді. Машинист алдынан адам шыққаны үшін жедел тежегішті басқанымен оңайшылықпен тоқтай алмайды – бір, екіншіден оқыс тежеуден вагондағы ыстық шай тасып жүрген жолаушы күйіп, екінші полкадағылары құлап, жарақат алған жағдайлар тіркелген.  Жоғарыдағы пойыз қаққан 14 адамның екеуі кішкентай бала. Біреуі тіпті 3 жаста екен. Кім кінәлі бұл жағдайға? Әрине, біз өзіміз, үлкендердің немқұрайдылығы. Үйлеріңіз пойыз жолға жақын орналасқан ба, алдымен қауісіздікті қатты сақтаңыз, балаларыңызға да үйретіңіз, дағдыландырыңыз, - деген  Мұрат Бидалиев адамдардың қауіпсіздігі үшін «Қызылсай  – Шымкент», «Шымкент – Қорғасын» телімдері қоршалғанын, Химфарм шағын ауданында да қоршау жүргізілгенін, бірақ адамдар оны айналып жүрудің өзін артық көретініне қынжылыс білдірді. – Темір жол бойында адам басу оқиғасының жылдан жылға көбеюі –  мемлекетті алаңдатуда.  Жақында Астанада ҚР Бас көлік прокуратурасы, мәжіліс депутаттары, ҚР Инвестиция дәне Даму министрінің қатысуымен өткен координациялық кеңесте теміржолдан өтетін адамдардың қайғылы жағдайы көбейіп жатқаны жайлы мәселе қозғалды. Алдағы уақытта мұндай фактілерді  азайтудың амалдары қарастырылмақ. Дегенмен де, әр адам өзіне-өзі сақ болуы тиіс. Бұл Химфарм шағын ауданы бір кездері қаланың шеті болатын. Қазір қала да, халқы да өскендектен орталыққа жақындады. Теміржолды қоршап, үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, нәтиже аз. Сендердің араларыңнан келешекте талай ғалым, дәрігер, депутат, әкімдер шығады. Оған жету үшін өздеріңді сақтандырып жүріңдер,  денсаулық керек.  Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары  оқушыларға  мыңнан аса ескерту жасаған. Енді айыппұл салса, оның көлемі 6 мың болады. Ол ата-аналарыңа  ауыр тиеді, - деді Сапарбек Тұрдалин балаларға қарата. Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Дүйсенәліқызының айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиға екі есеге өскен. Оны ішінде жасөспірімдерді пойыз қағып кету 4 рет, электр тоғына күюі 3 рет орын алыпты. Соңғы уақытта осы мектептің оқушылары кетіп бара жатқан жолаушы пойызына тас атып, әйнегін сындырған. -Енді теміржолшыларға ғана ашылған қоршаудың шағын есігінен өткендерге 6800 теңге айыппұл салынады. Алдынан адам шыққанда пойыздың тежегішін  басқаны үшін ата-анасына айыппұл салынады. Оқушылардың теміржолды кесіп өткеніне  екі рет ескерту жасап, үшіншіде тағы көрсе профилактикалық тізімге алынады.  Ол тізімге алынған деген сөз болашақтарыңа зиянын тигізеді,- деген полиция капитаны балаларға теміржолдан бей-берекет өту де әкімшілік-құқық бұзушылыққа жататынын, ол үшін ата-анамен бірге жауапты болатынын тағы қайталады.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты