«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды

Жаңалықтар
09.04.2026, 18:55
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің бастамасымен Астанадағы теміржолшылардың әкімшілік ғимаратында «Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы бастау алды.

Өткен сенбі, 4 сәуір күні басталған акцияға сала қызметкерлері бірауыздан қолдау білдіріп, сол күні бас офиске жиналғандар құмыраларға 1000 түп гүл көшетін отырғызды. Кеңсе қызметкерлері оларды күтіп, баптап көбейтіп, алдағы уақытта жұмыс орындарын жасыл желекке айналдырмақ ниетте.  

– Өткен жылы Қазақстан темір жолы қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру барысында еліміз бойынша 180 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бұл елімізді жасыл желекке бөлеу арқылы экологиямызды жақсартуға, таза ауаның бөлінуіне қосқан үлесіміз. Биыл да біз бұл бағдарламаны жалғастыруды жөн көріп, «Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясын бастадық. Бұл акцияның ерекшелігі - кеңсе қызметкерлерін өздері күні бойы жұмыс істейтін кеңселерінде, жұмыс орындарында бөлме гүлдерін өсіруге ынталандыру. Жасыл өсімдік ауаны тазарту арқылы адамның денсаулығына оң әсер етеді. Сонымен қатар жақсы көңілкүй, айналаңа әсемдік сыйлайды. Барлық теміржолшыларды жасыл желек акциясына қатысуға шақырамыз, – дейді Әлеуметтік саясат департаментінің өкілі Ержан Жаналиев.  

Челлендж форматындағы акция Әлеуметтік саясат департаментінен басталып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалына беріліп, бір күннен соң «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС ұжымына табысталды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады