Олжас Бектенов Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырудың басым бағыттарын атады

Жаңалықтар
23.04.2026, 11:27
Сурет: Үкімет сайтынан

Премьер-министр Олжас Бектенов Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) бас директорлары конференциясының 40-шы отырысына қатысып, еліміздің көлік-транзит саласындағы стратегиялық жоспарларын таныстырды. Үкімет басшысы Орта дәлізді дамыту, порттарды жаңғырту және саланы цифрландыру мәселелеріне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда Ақтау және Құрық порттарында халықаралық инвесторлардың қатысуымен контейнерлік хабтар кеңейтіліп жатыр.

2029 жылға қарай тасымалдау көлемін жылына 80 мың ЖФЭ-ден (TEU) 300 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Жүк жеткізу мерзімі қазірдің өзінде 18 тәулікке дейін қысқарды. Алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 10 күнге дейін түсіру.

Сонымен қатар, Үндістан мен Парсы шығанағына шығатын ең қысқа жол – «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі де қарқынды дамып келеді.

Премьер-министр Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті. 

«Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда TezCustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда», - деді Премьер-министр.

Қазақстан тек инфрақұрылымды салып қана қоймай, транзиттік уақытты барынша азайту мен процестерді толық автоматтандыру арқылы Еуразияның басты құрлықтық көпіріне айналуды көздеп отыр.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады