ҚТЖ мен Қытай мемлекеттік корпорациясы транзиттік әлеуетті дамытуға уағдаласты

Жаңалықтар
24.04.2026, 08:34
Суретті түсірген Диас НҰРМАХАНБЕТОВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ ғимаратында ТЖЫҰ Бас директорлары конференциясының XL отырысы аясында компания басшысы Талғат Алдыбергеновтің Қытай темір жолдары мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің мүшесі, партиялық жетекші топ хатшысының орынбасары Ван Цзиньсимен кездесуі өтті.

Тараптар өзара үйлесімді әрі нәтижелі ынтымақтастықтың жоғары тиімділігін атап өтіп, бұл әріптестік екі елдің транзиттік-көлік әлеуетін жүйелі дамытуға мүмкіндік беріп отырғанын жеткізді.  

Көрсеткіштердің тұрақты өсімін нақты статистика анықтап беруде. Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жүк тасымалы көлемі 9,3%-ға артып, 9,1 млн тоннаға жетті. Бұл Қазақстан мен Қытай аумағы арқылы өтетін көлік дәліздеріне сұраныстың артып келе жатқанын айқын көрсетеді.  

Келіссөздер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту және тасымалдарды цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында ТХКБ арқылы 125 контейнерлік пойыз тасымалданып, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға жоғары нәтиже көрсетті.  

Инфрақұрылымды кеңейту бағытында да елеулі ілгерілеу бар. Тараптар Достық – Алашаңқай теміржол учаскесін салу жөніндегі үкіметаралық келісімді келісуде жедел әрі тиімді жұмыс атқарғаны үшін өзара алғыс білдірді. Сондай-ақ Бақты – Тачэн үшінші шекаралық өткелін салу жөніндегі құжатты келісуді жандандыруға уағдаласты.  

ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының өзара ықпалдастығы екі елдің экономикалық өсімінің маңызды драйверіне айналып, географиялық артықшылықты Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланыстарын нығайтудың қуатты құралына айналдыруда.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды