Алматы-1 станциясында азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік фактілері анықталды

Жаңалықтар
06.05.2026, 08:40
Сурет: Көліктегі полиция

Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында 48 және 52 жастағы екі қала тұрғынын анықтады. Олар күту залында жолаушыларға сақтау камерасы қызметін пайдалануды ұсынып, адамдардың мазасын алып қолайсыздық туғызған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тексеру барысында аталған азаматтардың тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар бірден екі бап бойынша, яғни қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Айта кету керек, құқық бұзушылар дәл осындай әрекеттері үшін бұғын дейін де бір жыл ішінде жауапкершілікке тартылған. Бұл олардың заң талаптарын жүйелі түрде елемейтінін көрсетеді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментімен 34 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 2 678 - қоғамдық орындарда тиісу фактісі, 2 405 - алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, 1 201 - ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және 20 - тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу деректері тіркелген.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды