ҚТЖ: бағыт – айқын, мақсат – анық

Жаңалықтар
25.05.2026, 15:15
Фото: АО «Самрук-Қазына»
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда Қазақстан темір жолының барлық салаларының даму бағыты мен қарқыны, енгізіліп және жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы егжей-тегжей ақпарат берілді.

Әл-ауқат қоры мен ҚТЖ басшылары, парламент депутаттары, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысқан жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияның 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары жайлы баяндап, дамудың басым бағыттарын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім байқалады. Жүк айналымы 7%-ға, тасымал көлемі 6%-ға, транзит 20%-ға, экспорт 7%-ға артқан. Компанияның кірісі 27%-ға, ал таза пайдасы 2,1 есеге өскен. Оң динамика 2026 жылдың бірінші тоқсанында да сақталған. ҚТЖ тартқыш жылжымалы құрамды жаңартуды жалғастырып жатыр. 2023-2025 жылдары 433 локомотив сатып алынды. Локомотив паркінің орташа тозу деңгейі 66%-дан 58%-ға дейін төмендеп, өнімділік артты және пойыз қозғалысының жағдайы жақсарды. Жолаушылар паркін жаңарту жұмыстары да жалғасуда. 

Ұлттық компания теміржол инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 900 шақырым болатын жаңа желілердің құрылысы және ұзындығы 3 мың шақырымға жуық учаскелерді автобұғаттау жүйесін енгізе отырып жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жобалардың қатарында Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз желілері мен Алматы станциясының айналма желісі бар. Жаңғыртылған бірқатар учаскелер, оның ішінде Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей бағыттары мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Басқарма төрағасы компаниядағы цифрландыру жұмысының негізгі бағыттары туралы да ақпарат берді. 

– ҚТЖ-ның бағыты айқын, мақсаты анық. Мәселен, орта мерзімді перспективадағы ҚТЖ басымдықтарына тоқталатын болсақ, олардың қатарына операциялық процестерді цифрландыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, вокзал инфрақұрылымын жаңғырту, жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту, теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту кіреді, – деп атап өтті ҚТЖ басшысы. 

Отырыстан соң спикерлер БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг өткізіп, басқарма төрағасы және оның орынбасарлары өз салалары бойынша журналистер сұрақтарына жауап берді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды