Мақсат – іскерлік этиканы нығайту

Жаңалықтар
03.07.2026, 10:17
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да корпоративтік мәдениетті қайта жаңғырту және имиджді нығайту бойынша ауқымды науқан басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтылған тапсырмалары аясында бұл мәселе үлкен мәнге ие болып отыр.  

Мемлекет басшысы үлкенге құрмет, кішіге ізет, қамқорлық, жанашырлық және адамның қадір-қасиеті мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол бермеу халқымыздың басты құндылықтары екенін ерекше атап өтті. Бұл түрткі ойды негізге алған түсіндіру жұмыстары ҚТЖ компаниясының орталық аппараты мен филиалдары және еншілес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңестерде кеңінен қамтылды. Кеңестің негізгі спикері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Іскерлік әдеп және имиджі жөніндегі уәкілі Шолпан Әбілбекова өз сөзінде компания ғасырлық дәстүрлерге негізделген дәл осындай өркениетті этикалық нормалардың тамырын жаюға ұмтылатынын атап өтті.  

Оның айтуынша, компания теміржол саласының әрбір қызметкерін осы құндылықтардың басты жолсерігі болуға шақырады, өйткені дәл осы әрбір теміржолшының жоғары жеке мәдениетінен ҚТЖ имиджі қалыптасады. Осы орайда өткізілген ауқымды кеңестер сериясы корпоративтік этика, іскерлік мәдениетті арттыру және ҚТЖ-ның оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне арналды.  Бұл жүйелі жұмыс басшылықтың ерекше бақылауына алынып, барлық құрылымдық бөлімшелерде тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

Бүкіл теміржол ұжымы үшін бұл принциптер күнделікті жұмыстың басты тәртібі  болып табылады. Мәселенің практикалық жағына ерекше назар аудару қажет. Олар: мінсіз іскерлік стилі, яғни дресс-кодты және жұмыс орнындағы сыртқы келбет стандарттарын сақтау; цифрлық гигиена – бұл дегеніміз, әлеуметтік желілер мен медиа кеңістіктегі қызметкерлердің сауатты, дұрыс және жауапты мінез-құлқы; сондай-ақ, коммуникация мәдениеті: қарым-қатынастың жоғары стандарттарын сақтау.

– Әрбір теміржолшы өз орнында бүкіл компанияның келбеті болып табылады, –  деді өз сөзінде Шолпан Ақылбекқызы, – Сондықтан теміржолда жұмыс істейтін әрбір қызметкер жеке мәдениетіне ерекше мән бергені абзал.

Кездесулер аясында компания имиджінің негізі әрқашан оның басты құндылықтары – адамдар болып қала беретіні айтылды. ҚТЖ-ның мақтанышы – теміржолда көп жылдар жұмыс істеп келе жатқан теміржолшы әулеттері, олар ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, өз кәсібіне  адалдығымен көпшілікке үлгі-өнеге болып келеді.  Сондықтан да жаңартылған этикалық саясат еңбек адамын дәріптеуге  бағытталып отыр. Іскерлік этиканың жаңартылған стандарттарын енгізу бойынша ауқымды түсіндіру және оқыту жұмыстары барлық өңірлерде, компанияның, құрылымдық бөлімшелерінде де жалғасатын болады.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты